ГАФАРОВ Болат Рафаэлевич

19.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(01.02.1982, Мәскеу қ., РФ) – композитор.

Ол бірнеше мамандықтар бойынша қатар орта арнайы және жоғары білім алды: 1999 – құқықтық мәселелер бойынша референт (Құқықтану), 2001 жылы Гнесиндер атындағы музыкалық училищені Скрипка/альт класы бойынша бітірді. 2002 ж. – Мәскеу консерваториясының композиция бөлімі.

2004 – Шығыс елдері институтының бакалавриатын «Шығыстану» мамандығы бойынша бітірген. 2005 – Мәскеу мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің «Мәдениеттану-Этнография» мамандығы бойынша дипломын алды.

2006 жылдан бастап Мәскеу Үкіметімен, Мәскеу Ұлттар үйімен этнографиялық экспедициялар, халықаралық World Music фестивальдері, ұлттық іс-шаралар ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықта шығармашылық қызметпен белсенді айналысады: бүкіл әлем бойынша жеке концерттермен және өз топтарымен концерт қояды, кинофильмдерге музыка жазады; композитор және музыкант ретінде халықаралық арт- жобаларға қатысады; ЮНЕСКО жанындағы ресейлік жалпы ұлттық

Музыкалық білім беру халықаралық қоғамы секциясының мүшесі.

Авторлық музыкалық жобалардың қатарында: «Токэ-Ча» тобы (әлем музыкасы, аспаптық шоу), «Bulat PROject» (табиғи электроника, музыкант және диджей), «Bands$» (хип-хоп, рага, битбокс), «Буль- буль» (эксперименталды фольклор, орыс халық және ән айту), «Азимут» тобы (этно-джаз, этно-рок, этно- фьюжн). «Қоршау» («Осада», СТД театры), «Угайм Сулде»/ «Ата-баба рухы» («Угайм Сулдэ»/«Дух предков», «Байкал» театры, Ұлан-Уде, Бурятия), «Жазғы түндегі түс» («Сон в летнюю ночь», этникалық Бөлім, шағын әлемдік Театр), «Екі Әлем қонақ үйі» («Отель Двух Миров», ГИТИС/РАТИ); «Күн балығы («Рыба Солнце», «Пагендарм» экспериментальді театры) спектакльдеріне арналған музыка, «Әлемнің жаратылуы» табиғи мультимедиялық шоуы («Сотворение вселенной», Мәскеу эксперименталды театры); «Сансара» балеттері (РАМТ, «Балет Мәскеу» театры), «Кішкентай ханзада» («Маленький Принц», ЦИМ), «Орыс өрнектері» (музыкалық шоу «Премьера» театры, Краснодар).

Осы аттас түркі эпосына негізделген «Астана Балет» театрында «Әлем» бір актілі балетіне (Никита Дмитриевскийдің хореографиясы) жазылған музыканың тең авторы (2014).

Сілтемелер

Медиа галерея

ГАФАРОВ Болат Рафаэлевич

ГАФАРОВ Болат Рафаэлевич