ГАТАУОВ Таир Талғатұлы
Өмірбаяны
(19.10.1984, Шымкент қ. - 10.06.2020, Астана қ.) - балет әртісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013); ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері; «Бәйтерек» халықаралық балет әртістері байқауының 1 сыйлығының лауреаты.
1995-2004 - А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы, Ұ. А. Мирсеидов сыныбын үздік бітірді.
2005-2009 - М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенті, «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша білім алды.
2007 - «Ла Скала» театрында тағылымдамадан өтті (Милан).
2018 жылы Қазақ ұлттық хореография академиясының магистратурасын бітіріп, «Өнертану ғылымдарының магистрі» біліктілігін алды.
2003-2013 - К. Байсейітова атындағы ҰОБТ-да балет әртісі, солист, балеттің жетекші солисі. Классикалық және Ұлттық репертуардағы балеттердегі жетекші партиялардың орындаушысы. Ю. Григоровичтің қойылымындағы «Бекер сақтық» («Тщетная предостороженность») Колен партиясының алғашқы орындаушысы болып табылады. С. Вихаревтің «Жизель», В. Гончаровтың «Мәңгілік алау» және басқа балеттердің алғашқы орындаушысы.
2013 жылдан - «Астана Опера» балетінің жетекші солисі. Балеттерде жетекші партияларды орындады: Вацлав (Б. Асафьевтің «Бахчисарай бұрқағы»), Зигфрид (П. Чайковскийдің «Аққу көлі»), Щелкунчик-ханзада (П. Чайковскийдің «Щелкунчик»), Солор (Л. Минкустың «Баядерка»), Базиль (Л. Минкустың «Дон Кихот»), Дезире Ханзада («П. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару», Ромео (С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта»), Нарша (Ғ. Жұбанованың «Карагөз»), Красс (А. Хачатурянның «Спартак»).