СЕЗІМ ГЕОМЕТРИЯСЫ

25.10.2023  | Автор: Ізім Т.О.

Өмірбаяны

Заманауи хореография стиліндегі бір актілі балет.

Композитор - Қуат Шілдебаев (фортепиано), Батырхан Шөкенов (саксофон). Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм - Гүлмира Ғаббасова.

Премьерасы 1999 жылы 29 қаңтарда өтті. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы ҚР Мемлекеттік академиялық би театры үшін жүзеге асырылды.

Орындаушылар: Ринат Мусин, Гүлмира Ғаббасова және балет әртістері.

Өмір жолының үлкен бір кеңістігінде екі жүрек бір-бірімен кездеседі. Махаббаттың күші оларды шартты өмірден тартып әкетеді. Олар өз әлемін кез келген шабуылдан сақтауға тырысады. Сезімдердің геометриясы олардың болмыс формасына айналады.