ГОНЧАРОВ Вячеслав Андреевич
Өмірбаяны
28.04.1951 ж., Алматы қаласы.
Балет әртісі, балетмейстер, режиссер-хореограф, педагог.
1960-1969 - Алматы мемлекеттік хореографиялық училищесін «балет әртісі» мамандығы бойынша педагог А.А. Асылмұратовтың сыныбында тамамдады;
1995-2000 Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлтық өнер академиясын «Хореография режиссурасы» мамандығы бойынша З.М.Райбаевтың шеберханасында бітірді.
1969-1983 - Б.Аюхановтың жетекшілігімен «Алматының жас балеті» («Молодой балет Алма-Аты») классикалық би ансамблінің солисі. «Алматының жас балеті» ансамблінде орындаған партиялары: көшбасшы («Керуен», Т.Қажығалиев). Дж. Вердидің «Травиата» опера сахнасында Полоний, Лаэрт, Гамлет («Гамлет» балеті, А.Исаков), Ромео (С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балетіндегі балкондағы сахна); Алексей спектакліндегі («Ойыншы», «Игрок» муз. С.Прокофьев, балетмейстер Б.Мягков), Хосе (Ж.Бизе - Р.Щедрин «Кармен-сюита»); Адасқан ұл («Блудный сын» С.Прокофьев, балетмейстер М. Мурдмаа).
1984-1989 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет солисі. Репертуары: Ганс («Жизель»), Герн («Сильфида»), Көшбасшы «Бойжеткен мен бұзақы», («Барышня и Хулиган»), Белгісіз («Ақсақ құлан»), Табаки «Бауырым, Маугли» («Брат мой, Маугли»).
1992 жылдан - Қазақстандағы мәдени-бұқаралық жобалардың, Үкіметтік іс-шаралардың режиссері. Қойған хореографиялық нөмірлері мен миниатюралары : А Вьетан «Мәңгілікте туғандар», («Рождённые в вечности», 2000), И.Байер «Сиқырлы қоңыраулар» («Волшебные колокольчики», 2001), В.Моцарт «Қайта оралмас сәттер» («Исчезающие мгновения», А. В. Селезнев ат. АХУ, 2002); Б. Барток «Ғажайып Мандарин» («Чудесный Мандарин» Абай ат. МАОБТ 2003ж.). Балеттері: Д.Т.Накиповтың либреттосынан «Ре» уақыты» («Время «Ре», В. А.Моцарт, Д.Шостакович, А. Шнитке, Ф.Глас, М.Брух, Б.Куле, Сент-пре (Абай ат. МАОБТ 2004 ж.), «Әлқисса» (Р. Салаватов, К. Байсейітова ат. ҰОБТ, 2006 ж.), «Қыс қиялы» (Р.Салаватов, К. Байсейітова ат. ҰОБТ, 2008 ж.), «Адам» (Қ.Шелдібаев, Абай ат. МАОБТ, 2009 ж.), «Мәңгілік алау» (С.Еркімбеков, К. Байсейітова ат. ҰОБТ, 2010 ж.), Қар Ханым (Р.Салаватов «Қар ханым», «Снежная королева», Шымкент облыстық опера және балет театры, 2011 ж.).Спектакльдердің, опералардың және мюзиклдердің қоюшы-балетмейстері: «Қыз-Жібек» («Е.Брусиловский, «Ақсарай» мюзикл театры, 2006 ж.), «Томирис» (А.Серкебаев, Абай ат. МАОБТ, 2007 ж.), «Ақшақар және жеті гном» («Ақсарай» мюзикл театры, 2007 ж.), «Тас дәуірінің детективі» («Детектив каменного века», Неміс драма театры, 2007 ж.), «Шыбын» («Муха», «Ақсарай» мюзикл театры, 2008 ж.), «Аршин мал алан» (М.Әуезов ат. академиялық драма театры, 2009 ж.), «Қыпшақ билері» (А.Бородин, «Ақсарай» мюзикл театры, 2009 ж.).
Халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары атағына ие болған концерттік нөмірлері: «Наваждение» (Ф.Гласс, орындаушы Г.Құрманғажаева (Варна қ. балет әртістерінің халықаралық байқауы, 1998 ж.), «Мен», (Б.Барток, орындаушы А. Суродеева («Арабеск 2000» халықаралық байқауы, Пермь); «Метаморфозы» (К.Спанов, орындаушы А.Суродеева (Халықаралық балет әртістерінің байқауы. Варна, 2002), «Мамба Итальяна», (орындаушы А.Губанова, Ю.Григоровичтің «Фуэте Артека» халықаралық байқауы, 2001).
2000-2004 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі;
2015 жылдан Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыныңның «Хореография режиссурасы» мамандығы бойынша курс жетекшісі (2019 ж., 2020 ж. түлектері).
Библиография
- Б.Аюханов. «Мой балет» - Алма-Ата: Өнер, 1988
- Хореографы Казахстана (иллюстрированный информационный справочник (1934-2012 гг.) под общ. ред. Д.Т. Накипова. – Алматы, 2012
- Интервью май 2021 г.