ГАМЛЕТ. ДАНИЯ ХАНЗАДАСЫ
Өмірбаяны
2 актілі балет.
Композитор - Аида Исакова. Либретто, Хореография және қойылымы - Болат Аюханов.
Премьерасы 1972 жылы Мәскеудегі П.И.Чайковский атындағы концерттік залда өтті. Балет Болат Аюхановтың басқаруындағы «Алматының жас балеті» ансамбліне арналған.
Кейіпкерлер мен алғашқы орындаушылар: Гамлет - Болат Аюханов; Гертруда - Надежда Пивницкая, Сайрагүл Нұрсұлтанова; Клавдий - Алексей Семьянов; Офелия - Татьяна Анюшенко; Полоний және Лаэрт - Ильгизар Ахметшин.
Балет Эльсинор қамалының тұрғындарының бет пердесін ашуға ұмтылған дарынды тұлғаның бейнесіне негізделген. Балеттегі оқиғалар жылдам дамиды: әкесінің кенеттен қайтыс болуына байланысты күйзелістен арылмаған қайғыдағы Гамлет; арамза жаңа патша Клавдий, оның асығыс таққа отыруы. Гамлет Клавдийден қылмысы үшін кек алуға ант етеді; Гамлет анасының ұятсыздығын, Клавдийдің дөрекілігін, Полонийдің тыңшылық әрекетін айыптайды. Бірінші акт - портреттер галереясы, Клавдийдің тәж киюіне байланысты оқиғалар және марқұм патшаның Елесі туралы әңгіме. Екінші акт - шешуші әрекеттегі Гамлет.
Библиография
- Мой балет. – Алма-Ата: Өнер, 1988. – 104 с.