HOW LONG IS NOW? (ҚӘЗІРГІ СӘТ ҚАНША УАҚЫТҚА СОЗЫЛАДЫ?)

24.11.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Музыкасы - Макс Рихтер, Гарсия Эскот, Эцио Боссо, Оулавюр Арнальдс, Людовико Эйнауди, «Les Tаmbour du Bronx» тобы. Хореография және қойылымы - Раймондо Ребек. Сценография (Раймондо Ребектің эскиздері негізінде) - Виктор Караре. Жарық суретшісі - Карло Черри. Костюм суретшісі (Раймондо Ребектің эскиздері бойынша) - Арасель Досмұратова.

Премьерасы 2018 жылы 20, 21 шілдеде «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Уақыт - Бақтияр Адамжан, Арман Уразов; Боз балалық шақ (толымдылық және өзін-өзі түсіну) - Нәзира Заетова, Айбар Тоқтар, Мөлдір Шәкімова, Жананұр Жаңабеков; Жастық шақ (махаббат пен адалдық) - Әйгерім Бекетаева, Олжас Тарланов, Әсел Шайкенова, Тайыр Гатауов; Кемел шақ (даналық) - Марико Китамура, Рүстем Сейітбеков.

Уақыт пен оның жекелеген сәттері туралы философиялық ой толау. Үш жұп бишілер адамның әр түрлі кезеңдеріндегі өмірін бейнелейді. Уақытты, оның ағымын хореография арқылы қабылдауды зерттейді.