INSTINCT

24.11.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композиторлар - Паскаль ле Боуф, Ричард Мур, Трио Жак Лусье. Хореография және қоюшы - Дэвид Джонатан. Костюмдер - Паула Роза Сантан. Жарық - Роберт Даутов.

Премьерасы 2020 жылдың 30 қазанында өтті. Қойылым «Астана Балет» театрының труппасына арнап жасалған.

Орындаушылар сахнада ХХІ ғасыр трагедиясын бейнелейді - уақыт байланысының ыдырауы, тар көрінетін жерден оқшаулану, жақындарынан қол үзу. Хореограф денелердің кеңістіктегі орнын адамның ойы сияқты, осы жерде, осы қазір бастан өткерген нәрсеге байланысты олардың қозғалысының бағытын өзгертіп отырады. Ал, бұл бір жағынан қарапайым, екіншіден терең астарлы ой бір қорытындыға әкеледі: ғашықтар мен туыстар міндетті түрде бірге болуы керек. Ал ажырап қалғандар адам төзгісіз азап шегіп, үмітсіздікке ұшырайды. Сахнада қозғалыстардың сабақтастығын, денелердің тоғысуын, бір күрделі кейіптің екіншісіне өтуін көреміз. Барлығы ауадай өзгереді, қозғалады, бірақ сонымен бірге кейіпкерлер қыр соңдарынан қалмайтын қаңыраған жалғыздыққа тұншығып, қайта-қайта тастандылықты бастан кешіреді. Дәл осы амалсыз жетімдікте адамның өзін-өзі сақтау инстинкті іске қосылып, біреуді кездесдестіру туралы жаңа арманы, сүйгеніне қосылу үміті пайда болады.

Медиа галерея

INSTINCT

INSTINCT

INSTINCT

INSTINCT

INSTINCT

INSTINCT