ИСАКОВА Аида Петровна

08.01.2024  | Автор: Рахымбердиева С.

Өмірбаяны

(23.03.1940, Владимир-Волынский - 24.03.2012, Мәскеу) - пианист, композитор. Халықаралық конкурстың I дәрежелі лауреаты. Э. Вила - Лобоса (Рио-де-Жанейро, Бразилия, 1979), «Орыс орындаушылық өнері» Қорының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің құрметті профессоры (Астана қ.2010).

1959-Н. А. Римский-Корсаков ат. Краснодар музыкалық колледжін бітіргеннен кейін, П. И. Чайковский ат. Мәскеу консерваториясына оқуға түсіп, «фортепиано» және «композиторлық» факультеттерінде профессорлар В. К. Мержанов және Е. К. Голубев сыныптарында білім алды.

1964 жылдан бастап жұбайы Евгений Исаковпен бірге Алматыда жұмыс істеді, Құрманғазы ат. консерваторияда фортепианодан сабақ берді. Б. Аюхановпен және оның «Алматының жас балетімен» ынтымақтастығы «Гамлет» (1971), «Батырлар» (1973), «Қыз Жібек» (Гак-ку - Аққу үні, 2005), «Жарыс» (1970) хореографиялық сюитасының және т. б. балеттерге музыка жазуында көрініс тапты. КСРО Халық әртістері Е. Серкебаев пен А. Днишев жұмыс істеді; фортепианоға арналған Қазақ тақырыптарындағы екі Вариациялық циклдің авторы (1966), «Жиырма бесінші әйелі» (1975), «Байқоңырдың қасында» (1977) оперетталарының, сондай-ақ фортепианолық концерттік күй жанрында музыка жазды.

КСРО Композиторлар Одағының мүшесі (1967), Қазақстан Композиторлар Одағының тексеру комиссиясының төрағасы (1968-1976), КСРО Композиторлар Одағының тексеру комиссиясының мүшесі (1968-1976), Мәскеу Композиторлар Одағының мүшесі (1994).

1994 жылы Мәскеуге көшіп, М. М. Ипполитов-Иванов ат. Мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтта сабақ берді.

1994-2001 - «Фортепиано. Орган» кафедрасының меңгерушісі. Педагогикалық 30 жыл еңбегінің ішінде Б. Серкебаев, Г. Петрова, А.Тебенихин, Ю. Горенман, П. Шатский және тағы басқаларға білім берді.

Марапаты: «Мәскеудің 850 жылдығы» медалі (1997).

Медиа галерея

ИСАКОВА Аида Петровна

ИСАКОВА Аида Петровна