ҚИЯЛҒА БОЙЛАУ

05.11.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

Бір актілі балет

Композитор - Сергей Рахманинов. №2 оркестрмен фортепиянаға арналған концерт. Либретто, хореография және қойылымы - Рикардо Амаранте. Сценография және костюмдер - Рене Салазар. Жарық суретшісі - Джордан Туинман.

Премьерасы 2017 жылдың 2 қыркүйегінде өтті. Қойылым «Астана Балет» театры үшін қойылды,

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Наталья Сатина: Балаң шақ - Дилара Шомаева, Үмітсіздік - Айжан Мұқатова, Игеру - Селин ле Грель, Триумф - Татьяна Тен; Сергей Рахманинов: Балаң шақ - Дэвид Джонатан, Үмітсіздік - Фархад Буриев, Игеру - Илья Манаенков, Триумф - Қазбек Ахмедьяров; Николай Даль дәрігер - Бауыржан Мекембаев; Александр Глазунов - Марат Әбдірахманов; Ана - Аңсаған Көбентай.

Ең ұлы музыкалық шығармалардың бірі - Сергей Рахманиновтың №2 фортепианолық концертінің жасалу тарихы балетмейстерді шабыттандырды. «Қиялға бойлау» балеті - адамның қорқынышы мен өз-өзіне сенімсіздігі көбінесе мақсатқа жетуге кедергі болатыны туралы. Ішкі қарсылықты жеңу үшін, тағдыр бізге бойдағы әлеуетіміз бен дарынымызды оятуға, санамызды кеңейтуге және теріс пікірді жеңуге, алаңдаушылық пен фобиядан арылуға болатын адамдар мен жағдайларды жібереді.

Жақсылық пен зұлымдық арасындағы мәңгілік күрес біздің бойымызда минут сайын болып жатады. Оның нәтижесі, басқа нәрселермен қатар, біз санамызды кімге ашатынымызға, жүрегімізге кімді кіргізетінімізге байланысты.