КҮЛБИКЕ (Астана Опера)
Өмірбаяны
2 актілі балет.
Композитор - Сергей Прокофьев, Джимми Дюрант, Билли Рэй Сайрус, Луи Армстронг. Композитор-аранжировка жасаушы - Дэвидсон Джаконелло. Либретто - Ш.Перроның ертегісі бойынша Раймондо Ребек дайындаған. Хореография және қойылымы - Раймондо Ребек. Сценография - Йоко Сеяма. Костюм суретшісі - Франсуа-Ноэль Шерпин. Жарық суретшісі - Тим Вацлавек. Проекция суретшісі - Серджио Металли. Қоюшы-дирижер - Абзал Мухитдин.
Премьерасы 2022 жылдың 8 және 9 қазанында өтті. Қойылым «Астана Опера» театрына арналған.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Күлбике - Әйгерім Бекетаева, Мәдина Басбаева; Ханзада - Далер Запаров, Бақтияр Адамжан; Мейірімді рух - Сұлтанбек Ғұмар, Арман Уразов; Өгей шеше - Әсел Шайкенова, Гауһар Усина; Түшкіргіш әпкесі - Мөлдір Шакимова, Аделина Тулепова; Тәттіқұмар сіңлісі - Әнел Есқалиева, Жұлдыз Жұмажанова.
Бала кезімізден таныс Күлбике мен Ханзада ертегісі Күлбике дизайнер, Ханзада диджей болған заманауи дәуірге ауысады. Олар кездесіп, ғашық болып, табыс пен бақытқа жету жолында қиындықтарды бірге жеңеді.