КҮН СӘУЛЕЛІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИЛЕРІ
Өмірбаяны
Бір актілі балет
Қазақ композиторларының музыкасы. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюмдер - Болат Аюханов.
Премьерасы 1982 жылы өтті. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы 1982 жылы Қазақ КСР МКБТ үшін жасалды.
Орындаушылар: Қалыңдық - Сайрагүл Нұрсұлтанова; Құрбысы - Лиля Нұрғазина; Күйеу жігіт - Ринат Мусин.
Сюжет: Әдемі киіз үйден алыс емес алқапқа жайлап түсетін аққулар көкте қалқып барады. Күйеу жігіт бастаған жігіттер еркін даланың аясында аттарымен жарысады. Олар қалыңдыққа асығуда. Үй иелері қалыңдықпен бірге көптен күткен қонақтарды қарсы алу үшін, киіз үйден шығады. Барлық жігіттер тізе бүгеді. Күйеу жігіт қалыңдыққа: «Сұлу, менің таңдағаным болуға келісесің бе?» - дейді. Қыздар қалыңдықты қоршап, оны әдемілеп баптайды. Қалыңдық оларға алғыс ретінде орамал береді. Қолдарына домбыра алған жігіттер жастарға арнау айтуда. Қыздар оларға би арқылы жауап береді. Құрбыларының бірі білезігін «шашу» ретінде ұтысқа ұсынады. Барлығы оған қарай асығады. Күйеу жігіт ептілікпен білезікті алып, жайнап тұрған қалыңдыққа сыйлайды.