ҚАДЫРОВА Майра Шафкатқызы
Өмірбаяны
(17.11.1957, Алматы қ.) – балет солисі, педагог. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1984), «Құрмет» орденінің иегері (2021).
1967 – Алматы хореографиялық училищесіне Ж.Т.Тастанова сыныбына түсті.
1968-1976 – Үлкен театрдағы Мәскеу академиялық хореографиялық училищесінің оқушысы, РСФСР-дің еңбек сіңірген артисі Л.С.Литавкинаның сыныбы.
1994-1998 – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты «Педагог-хореограф» мамандығының студенті.
1976-1997 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, кейін прима-балеринасы. Театрдың классикалық репертуарының жетекші партияларын орындады: Китри («Дон Кихот»), Одетта-Одиллия («Аққу көлі»), Аврора («Ұйқыдағы ару»), Маша («Щелкунчик»), Лиза «Бекер сақтық» («Тщетная предосторожность»), Зарема («Бахчисарай бұрқағы»), Жизель, Сильфида және Раймонда сынды балеттер Сондай-ақ, балерина репертуарында қазақстандық хореографтардың ерекше спектакльдері бар: З.Райбаевтың «Фрескалар» Шамхат, «Спартак» Эгина, «Франческа да Римини» Франческа, «Ер мен Әйел» әйел, «Ромео мен Джульетта» Джульетта; М.Тілеубаевтың хореографиясындағы «Бауырым, Маугли» Синта, «Ақсақ Құлан» Баршагүл, «Мәңгілік алау» сүйіктісі, «Камелия ұстаған ханым» Виолетта («Дама с камелиями»), Ж.Байдаралиннің «Жаңғыруы» Джульетта («Возрождение») және т. б.
Балеринаның дарыны романтикалық балеттерде ерекше көрінді, онда ол өзінің эмоционалды интонациясын тапты – әуеде қалықтау, поэтикалық тазалық.
1998-2015 – А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің классикалық би педагогы, 2007 жылдан бастап көркемдік жетекшісі.
2004-2006 – Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттқ өнер академиясында хореографиялық пәндер педагогы.
2007- «Artists Home Village» балет мектебінің педагог-оқытушысы (Жапония).
2015 жылдан бастап «Астана Балет» театрының педагог-репетиторы.
Ол қазақстандық орындаушылық мектебінің қалыптасуына зор үлес қосты. М.Қадырованың шәкірттері арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Қазақстан, Ресей, Германия театрларының жетекші солистері, халықаралық балет байқауларының лауреаттары мен дипломанттары: А.Рүстемова, А.Зақан, Б.Жанбурчинова, Д.Шомаева, Н.Нұрсафина бар. , т.б.
Марапаттары: Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009), «Қазақстанның еңбек ардагері» (2015).
Библиография
- Садыкова А. «Сильфида казахского балета. Творческий портрет Майры Кадыровой». Алматы, изд.: Книжный легион, 2021. – 176 с.
- Жумасеитова Г.Т. Страницы казахского балета. – Астана: Елорда, 2001. – Сс. 77-80.