ҚАЙЫРБЕКОВА Гафура Бақытқызы
Өмірбаяны
(15.05.1986, Алматы қ.) – суретші- монументалист, өнертанушы, сәнгер, графикалық дизайнер.
2006 – Алматы сервис және технология колледжін «Сән дизайнері-конструктор» мамандығы бойынша бітірген.
2010-2015 – «Монументалды кескіндеме» мамандығы бойынша Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы бакалавриат студенті. А.К.Бапановтың шеберханасында оқыған.
2019 жылы «Монументалды кескіндеме» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
2006-2010 – Б. Асанованың «Сымбат» ательесінде сәнгер.
2007-2010 – үйлестіруші, бейне мұрағатшы, сондай-ақ «Мерген» деректі киностудиясында режиссердің көмекшісі.
2014 жылы сол жерде «Ұлы дала сәні» бейнебаяндары жобасының дизайнын жүзеге асырды.
2014 – Бақыт Қайырбековтың «Көшпенділер әлемі. Ұлы дала мифтері. Қазақ этикеті» («Мир кочевья. Мифы Великой степи. Казахский этикет») кітабын көркемдеуге қатысты.
2016 – костюмдер мен декорациялар бойынша суретші ретінде «Astana Musical» театрының «Достар серті» мюзиклін жасауға қатысты.
2017-2021 – Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында экскурсовод, дизайнер, онда төрт көрмеге жетекшілік етіп, үш баспа басылымын рәсімдеді.
2019 – О. Беляловтың «Қарқаралы» деректі бейне жобасындағы анимацияға арналған иллюстрациялар бойынша суретші.
2010-2023 – қалалық және халықаралық өнер көрмелеріне белсенді қатысады.
«Астана Балет» театрында қойылған Абай Құнанбаевтың «Махаббат тілі» (2016) өлеңдеріне арналған бір актілі балеттің костюмдері мен декорациялары бойынша суретші (М.Авахридің хореографиясы).