КАЛИНИНА Надежда Станиславовна
Өмірбаяны
(22.10.1982 ж., Тында қ., РФ) –қоюшы-хореограф, либреттист.
1999-2002 – «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша Ленинград облыстық мәдениет және өнер колледжінің оқушысы
2002-2007 – Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясын «Хореография өнері» мамандығы бойынша (үздік диплом) бітірген.
2003-2008 – «Интеллбалет» би театрының солисті
2010-2012 – Санкт-Петербургтегі «Музыкалық Холл» театрының шақырылған балетмейстері.
2012-2013 – Карелия Республикасының музыкалық театрының бас балетмейстері.
2013 жылдан – «Санкт-Петербург опера» камералық музыкалық театрының бас балетмейстері.
2010-2012, 2018 жылдан – Омбы мемлекеттік музыкалық театрының бас балетмейстері.
Либретто авторы және балеттегі қоюшы хореограф: «Шинель» (2009), «Жалаңаш танго» («Обнаженное танго», 2011), «Нақұрыс» («Идиот», 2015), «Бухгольц» (2016), «Эсмеральда» (2018) Омбы мемлекеттік музыкалық театрында; «Болеро» (2019) Ростов музыкалық театрында; «Қанатты ат» («Конек-Горбунок» 2013), «Кармен» (2014) Карелия Республикасының музыкалық театрында; «Қанатты ат» («Конек-Горбунок», 2017) И. М. Яушев атындағы музыкалық театрда (Мордова Республикасы); «Ида» (2016), «Кармина Бурана» (2018) балеттері М. И. Глинка атындағы Челябі мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылды; Мария Биешу атындағы Молдова Республикасының Ұлттық опера және балет театрындағы «Гофман ертегілері» (2018); «Art voice group» компаниясымен бірлесе отырып (АҚШ, 2019) «Аққу көлі»; «Franceconcert» (Франция) компаниясымен бірлесе отырып, «Кармен», «Ида», «Кармина Бурана», «Гофман ертегілері», «Болеро». Мариин театрымен, «Санкт- Петербург опера» камералық музыкалық театрымен, Санкт-Петербург «Музыкалық Холл» театрымен, Санкт-Петербург мемлекеттік театрымен, «Зазеркалье» театрымен, Teatro Lirico Cagliari (Италия), Карелия Республикасының Музыкалық театрымен және т. б. шығармашылық байланыста жұмыс атқарды.
Әр түрлі театрлық, концерттік бағдарламаларға арналған 50-ден астам хореографиялық нөмірлер мен миниатюралардың авторы, 45-тен астам опера, оперетта, мюзикл қойылымына қатысты.
«Астана Балет» театрында «Золушка» (2019) спектаклінің және бірқатар концерттік нөмірлердің қоюшы- хореографы болып табылады.
«Шинель» балеті үшін «Алтын Витязь» VIII Халықаралық театр форумының лауреаты (2010); «Шинель» балеті үшін «Театр Олимп» I- Федералдық фестивалінің күміс жүлдегері (2011); «Идиот» балеті үшін «Хореографтың Үздік жұмысы» номинациясы бойынша IV-Бүкіл- ресейлік «Еділ театр маусымдары» («Волжские театральные сезоны») фестивалінің лауреаты (2018).
Сілтемелер