ҚАЛҚАМАН-МАМЫР

26.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

Прологы бар 3 актілі балет.

Композитор - Василий Великанов. Либретто - Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердиевтің халық аңызына жазылған поэмасы бойынша. Хореография және қойылымы - Леонид Жуков. Қоюшы-суретшісі - Орал Таңсықбаев. Қоюшы-дирижер - Федор Кузьмич.

Премьерасы 1938 жылы 24 маусымда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Мамыр - Гүлшара (Шара) Жиенқұлова, Б.Сайфутдинова; Қалқаман - Г.Измайлов, Леонид Жуков; Мамырдың құрбылары -Нұрсұлу Тапалова, Р.Гурилева, А.Идизова, В.Гавриленко.

Әңгіменің өзегінде жарынан айырылған қыз Мамырдың бақытты өмірге деген ұмтылысы жатыр. Қайтыс болған жігіттің қалыңдығын немесе әйелін әменгерлікке алу құқығы ең жақын туысына өткенде, ержүрек Мамыр ауыл ақсақалдары жүктеген заңдарына табандылықпен қарсы тұрады. Рулық езгіден азат болу үмітін оятқан жас жігіт Қалқаманмен кездеседі. Мамырға үйленуге тиіс Ескене ақсақал мен өркөкірек бай Көкенай ғашықтармен айуандықпен күресуге тырысады. Бірақ барлық зұлымдықтарға қарамастан, жастар еркіндікке ие болып, патриархалды қоғамның теріс пікіріне орын жоқ жаңа өмірге қадам басты.