ҚАНАТҚЫЗЫ Риза

20.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(17.07.1994, СУАР, ҚХР) – балет әртісі. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2021), «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2021), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының стипендиаты (2010).

2004-2012 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін бітірген, педагогтары Б.Т.Сүлеева, Л.В. Макарцева.

2012 жылдан «Астана Балет» театр труппасының балет әртісі, балеттің жетекші солисі, онда классикалық, неоклассикалық, заманауи және Ұлттық репертуардың спектакльдерінде бірқатар жеке және жетекші партияларды орындады. Олардың ішінде: «Әлем» (Саруар) Н.Дмитриевский; «Жусан» (Көктегі сыйлық); «Кармен», «Саломея» (Иродиада) М.Авахри; «Корсар» балетінен «Жанды БАҚ» (Медора) М.Петипаның хореографиясында; «Клеопатра» (Клеопатра) Н.Маркеловтың хореогарфиясында; «Жизель» (Мирта), «Гая» («Gaia»), «Махаббат қорқынышын жоғалту» («Love Fear Loss», екінші дуэт), «Diversity», «Қиялға бойлау» («Прикосновение иллюзии») «longing» Р.Амаранте хореографиясында; «Серенада» Дж. Баланчинның хореографиясы, Рубен Терранова «Қарама-қайшылықтар» («Контрасты»); У.Форсайттың «Іn the middle, Somewhat Elevated», В. Виноненнің «Щелкунчик» (Араб қуыршағы), Ю.Григоровичтің «Махаббат туралы аңыз» (Мехмене Бану); Г.Ковтунның «Қозы Қорпеш - Баян Сұлу» (Қасқыр) және «Қар ханшайымы» (Қар ханшайымы). Репертуарында хореографиялық миниатюралар: М.Фокиннің «Аққу», Р.Амарантенің «Бах», Н.Маркеловтың «Наваждение» және т. б.

Марапаттары: «Өрлеу» халықаралық хореографиялық оқу орындары байқауының I-сыйлығының лауреаты (2009, 2011); «Би Олимпі» халықаралық байқауының I-сыйлығының лауреаты (Берлин, Германия, 2010); ІІІ- Халықаралық балет әртістерінің байқауында «Заманауи хореографияны үздік орындағаны үшін» арнайы сыйлығы (Астана, 2016).

Сілтемелер


Медиа галерея

ҚАНАТҚЫЗЫ Риза

ҚАНАТҚЫЗЫ Риза

ҚАНАТҚЫЗЫ Риза

ҚАНАТҚЫЗЫ Риза

ҚАНАТҚЫЗЫ Риза

ҚАНАТҚЫЗЫ Риза