ҚАРАГӨЗ
Өмірбаяны
2 актілі балет.
Композитор - Ғазиза Жұбанова. Либретто - Әзірбайжан Мәмбетов, Георгий Алексидзе Мұхтар Әуезовтің аттас драмасы бойынша жазған. Хореографиясы және қойылымы - Георгий Алексидзе (Тбилиси, Грузия), Ләйлә Мәмбетова. Қоюшы-суретші - Юрий Гегешидзе (Тбилиси, Грузия). Қоюшы-дирижер - Валерий Руттер.
Премьерасы 1990 жылы 16 қыркүйекте Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Қарагөз - Гүлжан Туткибаева, Майра Қадырова; Сырым - Ерболат Асылғазинов, Бақытжан Смағұлов; Нарша - Асқар Нүсіпов, Мұрат Тукеев; Мөржан - Алма Асқарбекова, Гүлнара Әлиева; Ақбала - Сәуле Әшімова, Майра Тукеева.
Қарагөз бен Сырым алғашқы кездесуден-ақ бір-біріне ғашық болды. Бірақ қызға басқа жігіт - Нарша құда түседі. Бұл туралы Қарагөзге қатал да өктем әжесі Мөржан айтып береді. Қарагөз Наршаның сезімінен бас тартады. Ашулы жігіт қыздан кек алады. Достарымен бірге Сырымды сабайды. Үлкендердің айтқанын орындамағаны үшін Қарагөзге ашуланған Мөржан немересін қарғайды. Қарагөз есінен айырылады.
Сырым өзінің сүйіктісін тауып алады. Ол Қарагөздің есінен айырылғанын көріп қатты қапаланады. Ажал кейпіндегі Мөржан Қарагөзді Сырымнан алыстатады. Жігіттің жан дүниесінде жер бетіндегі жалғыз өлмес сезім - бәрін жеңген махаббаттың әнұраны іспетті ән туады.
ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ. «АСТАНА ОПЕРА» Мемлекеттік опера және балет театры. КАРАГӨЗ (махаббаттың драмалық беттері).
Пролог пен реквиемі бар 2 актілі, 9 көріністі балет.
Композитор - Ғазиза Жұбанова. Либретто - Вакиль Усманов (Австрия) Мұхтар Әуезовтің аттас драмасының желісі бойынша. Хореография және қойылымы- Вакиль Усманов. Қоюшы-хореографтың көмекшісі - Сергей Хейлик. Қоюшы-суретшілер - Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов. Жарық суретшісі - Дмитрий Симкин. Қоюшы-дирижер, музыкалық редакциясының авторы - Абзал Мухитдин. Дирижер - Арман Оразғалиев.
Премьерасы 2014 жылы 5 желтоқсанда өтті. Қойылым «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрына арналды.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Қарагөз - Әнел Рүстемова; Сырым, жас ақын - Арман Уразов; Нарша - Тайыр Гатауов; Мөржан, Қарагөздің әжесі - Гауһар Усина; Бас құлан - Сержан Кауков; Жас құлан - Эльдар Сәрсембаев; Матай, Наршаның досы - Азамат Жанқабаев; Қоскелді, Сырымның досы - Сүндет Сұлтанов; Дәулеткелді, Сырымның досы - Сұңғат Қыдырбай; Асан, күйеу жігіттің айналасындағы ақын - Эльдар Сәрсембаев, Фарух Садырқұлов; Бақсы - Мадина Қадырманова, Мадина Құжамжарова, Индира Жүкеева; Текті, Наршаның анасы - Әсел Кенжебекова; Тойсары, Наршаның туысы - Рахметолла Науанов.
Сюжет желісінде сұлу қыз Қарагөз бен ақын Сырым арасындағы махаббат. Бірақ екеуіне бірге болуды тағдыр жазбаған. Әжесінің талабымен немересі Нарша сияқты бай жігітке тұрмысқа шығуы керек. Жастардың қазақтың салт-дәстүріне қарсы шығып, махаббатын іздеу әрекеті хореографиялық түрде беріліп, туыстарының жастардың тағдырына араласуы қайғылы жағдайға әкеледі. Спектакль елордалық жас театрдың шығармашылық топтамасындағы алғашқы ұлттық балет болды.
Библиография
- Либретто оперных и балетных спектаклей композиторов Казахстана. Карагоз. Балет в 2-х действиях – Составитель: Генералова И.Ю – Алматы: компания «Австралийские авиалинии» – 1995 – 126 с. – С.121-123.
- Жумасеитова Г.Т. Страницы казахского балета. – Астана: Елорда, 2001. – 144 с – С.27-31.
Сілтемелер
- Официальный сайт театра "Астана Опера" https://astanaopera.kz/afisha/27
- Жуйкова, Людмила. «Любовь есть познание…» Премьера балета Газизы Жубановой “Карагоз” на сцене ГАТОБ им. Абая». Qazaq Ballet Magazine, дата публикации 3 октября 2021, www.qazaqballet.kz/main_articles/ljubov-est-poznan...