КЕНЖЕТАЕВ Кәукен (Қабдықарым) Кенжетайұлы

08.01.2024  | Автор: Рахымбердиева С.

Өмірбаяны

(25.04.1916, Баянауыл кенті - 15.03.2008, Алматы қ.) - актер, әнші, режиссер. ҚазКСР Халық артисі (1959).

1935-1941 - Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Қазақ студиясының оқушысы.

1942-1946 - Қиыр Шығыс армия шекарашыларының ән-би ансамблінде қызмет етті (Хабаровск).

1950 - Алматы консерваториясының вокал факультетін бітірген.

1946-1979 - Абай ат. МАОБТ-да. солист (баритон) және театрдың режиссері. К. Кенжетаев Қазақстанның опера өнерінің алтын қорына енген көптеген спектакльдерде партиялар орындады, олардың ішінде: Е. Брусиловскийдің «Амангелді», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Жалбыр»; С. Мұхамеджановтың «Айсұлу»; Е. Рахмадиевтің «Алпамыс», П. Чайковскийдің «Қарға мәткесі» («Пиковая дама») және т. б.

1979 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін - музыкалық комедия кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, доцент, Алматы театр-көркемсурет институтының профессоры.

2007 жылдың қаңтарында К. Байсейітова ат. Ұлттық опера және балет театрында «Қалқаман-Мамыр» Опера-балетінің тұсаукесері өтті. Бұл сахналық шығарма Ш. Құдайбердиевтің осы аттас поэмасы негізінде 20 жылдан астам уақыт бойы пысықталып келеді, музыкасын Б.Қыдырбек, либретто К. Кенжетаев жазған.

Медиа галерея

КЕНЖЕТАЕВ Кәукен (Қабдықарым) Кенжетайұлы

КЕНЖЕТАЕВ Кәукен (Қабдықарым) Кенжетайұлы