КЛЫШБАЕВ Талант Жамбылұлы
Өмірбаяны
(20.01.1967 ж., Тасбөгет кенті, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы) - ансамбль әртісі, хореографиялық пәндер оқытушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2000), ҚР Мәдениет қайраткері (2005).
1977-1985 - Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы, мамандығы «Халық би ансамблінің әртісі», педагогтары: И.К.Олзоева, Г.Н.Бейсенова, У.А.Мирсеидов, А.М.Джалилов, А.Н.Зарембо.
1992-1997- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті. «Хореографиялық пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша білім алды.
1985-2000 - Сүйінбай атындағы Алматы облысы филармониясының «Алтынай» Мемлекеттік халық биі ансамблінің әртісі. (Ш.Б.Жиенқұлова, Д.Т.Әбіров, З.М.Райбаев, Ж.К.Байдаралин, О.В.Всеволодская-Голушкевич қойылымдарын орындады).
1986-1988 - Кеңестік Әскер қатарында қызмет етті (Полтава қ., Подольск қ., Ленинград қ.).
1994-1998 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (ҚР ҰҚК ШҚ) ән және би ансамблінің балет әртісі.
2000-2002 - «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің балет әртісі.
«Алтынай» ансамблінің құрамында Үкіметтік концерттерге, Қазақстанның басқа елдердегі мәдениет күндеріне қатысты. Гастрольдік тур аясында алыс және жақын шетелдерде (Мексика, Непал, Үндістан, Египет, Бельгия, Оңтүстік Корея, Түркия және т.б.) қазақтың ұлттық мәдениетін таныстырды.
2002-2013 - «Алтынай» Мемлекеттік халық биі ансамблінің көркемдік жетекшісі. Ерлер биін орындау мектебінің дамуына зор үлес қосты. Қазақстан балетмейстерлері бірінші буынының би өнерінің бірегей мұрасын сақтаушы болып табылады.
2013 жылдан - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хореографиялық пәндер оқытушысы. Аталмыш университеттің мәдениет, өнер және спорт институтының қауымдастырылған профессоры (2019).
Марапаттары: «Үздік ұстаз» төсбелгісі (2019), «Еңбек даңқы» (2018), XII Дүниежүзілік жастар және студенттер фестивалінің дипломанты (Мәскеу, 1985).