ҚОНОҚБАЕВ Нұрлан Мейрамбекұлы
Өмірбаяны
06.08.1985 ж., Рыбачье қ., Қырғыз КСР.
Балет әртісі. Халықаралық балет әртістері байқауларының лауреаты.
1996-2003 – Ч. Базарбаев ат. Бішкек хореография училищесінің оқушысы, педагогы А.М. Мұраталиева.
2005-2009 – Қ. Молдобасанов ат. Қырғыз ұлттық консерваториясын «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша бітірген.
2001-2003 – «Ақ - Марал» қырғыз халық ансамблінің жетекші әртісі.
2003-2006 – Б. Аюхановтың жетекшілігімен мемлекеттік академиялық би театрының солисі.
2004-2008 – А. Малдыбаев ат. Қырғыз ұлттық опера және балет театрының шақырылған жетекші балет солисі. Зигфрид партиясында дебют жасады («Аққу көлі»). Репертуары: Зигфрид («Аққу көлі»), Али («Корсар»), Базиль («Дон-Кихот»).
2006-2018 - Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының жетекші солисі. Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінде Нұралы әскери қолбасшысы партиясында дебют жасады.
Репертуары: Базиль («Дон-Кихот»), Зигфрид, Шут, pas-de-trois («Аққу көлі»), Альберт, pas-de-deux («Жизель»), Ханзада Дезире («Ұйқыдағы ару»), Нұралы («Бақшасарай бұрқағы»), Тлеп, Алтын Бүркіт («Тілеп және Сарықыз»), Ферхад, Шут, төрт дос («Махаббат туралы аңыз»), Ахмет, Әли («Корсар»), Ханзада («Щелкунчик»), Тибальд («Ромео мен Джульетта»), Спартак, Красс («Спартак»), Солор («Баядерка»), Хозе (Кармен-сюита), Бозбала («Кармина-Бурана»), Жас Батыр («ұлы дала аңыздары»). Концерттік нөмірлері: «Аңшы» (Құрманғазының «Адай» күйі (Гүлмира Ғаббасованың хореографиясы), «Бүркіт» (авторлық шығармасында).
2008-2016 - Мемлекеттік еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблінің шақырылған жетекші әртісі.
2012 жылы әлемдік балет жұлдыздарының қатысуымен балет гала-концерттерін, фестивальдерді, гастрольдерді және спектакльдерді ұйымдастыруға бағытталған Konokbaev Group компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі болды. Компания жылына алты жобаны жүзеге асырады, әр түрлі елдерде - Өзбекстан, БАӘ, АҚШ, AlanBars group (АҚШ).
Марапаттары: Халықаралық балет әртістері байқауларының лауреаты: I- Халықаралық балет әртістері байқауы ХБАБ (Қазақстан, Астана, 2006 ж.) I- ХБАБ, Сеул (Оңтүстік Корея III сыйлық, қола медаль; 2007 ж.) - ж. - II ХБАБ, Сеул (Оңтүстік Корея III сыйлық, қола медаль; 2009) - II сыйлық, күміс медаль; 2009 ж. - ХБАБ, Астана (Қазақстан, II- сыйлық, күміс медаль); ХБАБ Пермь, (Ресей, II сыйлық, күміс медаль2010 ж.); ХБАБ, Сочи (Ресей - II сыйлық, күміс медаль2010 ж.); III ХБАБ, Сеул (Оңтүстік Корея, I сыйлық, алтын медаль, 2010 ж); - ХБАБ, Донецк (Украина, III сыйлық, қола медаль, 2011 ж); Халықаралық балет фестивальдерінің қатысушысы: «Азия әлемдік балетінің жұлдыздары» (Ресей, Якутск, 2008 ж.); «Әлемдік балет жұлдыздары» (Қазақстан, Алматы, 2010 ж.); «Әлемдік балет жұлдыздары» (Украина, Донецк, 2010 ж., 2011 ж.); «Светлана Захарова және оның достары» (Франция, Париж, 2013).Шыңғыс Айтматовтың «Қырғызстандағы балет өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығы (2010, Бішкек).
Библиография
- А.А. Мусинованың Нұрлан Қоноқбаевпен сұхбаты және жеке хат алмасуы. 2022 ж.
- Жумасеитова Г.Т.Хореография Казахстана периода независимости. – Алматы: «Жибек Жолы», 2014 - 220 с.+ 32 с. (цв. вклейка) – С.54.
- Владимир Акуленконың суреті және басқа да фотосуреттер Нұрлан Қоноқбаевтың жеке мұрағатынан алынды.
Сілтемелер
- Сайт компании Konokbaev Group https://knkb.group/
- Сарсенова М. Балет: от искусства до бизнеса. – Капитал. – 11 ноября – 2019. Адрес URL https://kapital.kz/business/82547/balet-ot-iskusstva-do-biznesa.html (Дата обращения 05.08.2022).
- Нурлан Конокбаев: «Никто не ожидал, что мы настроены настолько серьезно» - Esquire – 26 ноября – 2019. Адрес URL https://esquire.kz/nurlan_konokbaev/ (Дата обращения 05.08.2022).