КОППЕЛИЯ

26.10.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

2 актілі комедиялық балет.

Композитор - Лео Делиб. Либретто - Шарль Луи Этьен Нюитер мен Артур Сен-Леон, Эрнст Теодор Амадей Гофманның «Құм адам» новелласына негізделген. Хореография - Ролан Пети. Қоюшы-балетмейстер - Луиджи Бонино; Қоюшы-балетмейстердің көмекшісі — Джиллиан Уитингам. Сценография - Эцио Фриджерио; қоюшы-сценографтың көмекшісі — Риккардо Масирони. Костюм суретшісі — Франка Скуарчапино. Костюмдерді жаңарту бойынша суретші — Анна Верде. Жарық суретшісі және техникалық үйлестіруші - Жан-Мишель Дезире. Қоюшы-дирижер - Арман Оразғалиев.

Премьера 2019 жылы 22, 23 қарашада «Астана Опера» театрында өтті. Қойылым Пети балетінің хореографияда ғана емес, сценографиясы мен костюмдерін де дәл қайта құруда болып табылады. Спектакль «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры мен «Балеты Ролана Пети» (Франция) Қорымен бірлесіп қойылды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Сванильда - Әйгерім Бекетаева, Шұғыла Әдепхан; Франц - Бақтияр Адамжан, Арман Уразов; Коппелиус - Луиджо Бонино, Рүстем Сейітбеков.

Хофманның өміршең шығармасының тұжырымдамасына сүйене отырып, хореограф балеттің бүкіл сюжетін махаббат үшбұрышына құрады: қызғаншақ қыз Сванильда, оның күйеу жігіті Франц және қуыршаққа ғашық болған қуыршақ шебері Коппелиус. Хореограф әуел бастан бұл рөлді өзі үшін шығарып, бұл партияны 70 жасқа дейін билеген. Сахнадағы оқиға франциялық қалада өтеді.Онда сәнді костюмдердегі кордебалет ерекше стильде чардаш пен мазурканы билейді.

Медиа галерея

КОППЕЛИЯ

КОППЕЛИЯ