ҚЫЗЫЛ ЖИЗЕЛЬ

26.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

2 актілі балет.

Композиторлар - Петр Чайковский, Альфред Шнитке, Жорж Бизе. Либретто және хореография - Борис Эйфман (Санкт-Петербург, Ресей). Балетмейстер ассистенттері - Алина Солонская, Сергей Зимин (Санкт-Петербург, Ресей). Қоюшы-суретші - Мартинс Вилкарсис (Рига, Латвия); Костюмдер суретшісі - Вячеслав Окунев (Санкт-Петербург, Ресей), Жарық суретшісі - Игорь Капустин (Таллин, Эстония).

Премьера 2010 жылдың 20-21 қазанында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Балерина - Құралай Сарқытбаева, Сәуле Альберс (Рахмедова); Чекист - Азамат Асқаров, Дмитрий Сушков; Мұғалім - Руслан Қадыров, Нұрлан Байбусинов; Серіктес - Степан Лукомский, Фархад Буриев; Досы - Руслан Қадыров; әйелдер сабағы, француз тілі сабағы, көңіл көтеру, чекистер, виллистер, триумф, шаруалар, чарльстон, нокерлер - балет әртістері.

Спектакль ХХ ғасырдың ең ұлы балериналарының бірі - Ольга Спесивцеваның қайғылы тағдырына арналған. Революциялық Петроград. Мариин театрындағы классикалық би сабағында қатаң Оқытушы оқушылар арасында Балеринаны ерекше атап өтеді. Оған лық толы зал көрермендері тамсана қол соғады. Оның жанкүйерлерінің арасында жаңа биліктің өкілі Комиссар да бар. Балерина үшін Комиссармен араласу ауыр. Қорқыныш тартымдылықпен араласады. Комиссар балеринаға Ресейден кетуге мүмкіндік береді.

Париж, Гранд Опера. Жас хореограф балеринаға жаңа, бейтаныс пластика ұсынады және оның серіктесі болады. Серіктестіктен туған жауапсыз махаббат пен жалғыздық рухани күйзелісті одан сайын күшейтеді. Оның соңынан өткеннің елестері еріп жүреді. Балерина өзінің сүйікті рөлі Жизельді орындаса да рухани жұбаныш болмайды. Жизельдің тағдырын қайталайды. Сүйіктісінің сатқындығына тап болып, есінен адасады. Кейіпкердің санасы қиын сілкіністерге шыдамайды. Балеринаның келбеті айнаға сіңіп кетеді.

Библиография

  • Афиша премьеры балета из архива КазНАТОБ имени Абая.
  • Журнал составов по балету «Красная Жизель» режиссерского управления КазНАТОБ имени Абая.

Сілтемелер

  • Красная Жизель – Краткое содержание. Слово Бориса Эйфмана – Сайт Театра балета Бориса Эйфмана – Адрес URL: https://www.eifmanballet.ru/ru/repertoire/red_giselle (дата обращения 11.12.2022).

Медиа галерея

ҚЫЗЫЛ ЖИЗЕЛЬ

ҚЫЗЫЛ ЖИЗЕЛЬ

ҚЫЗЫЛ ЖИЗЕЛЬ

ҚЫЗЫЛ ЖИЗЕЛЬ

ҚЫЗЫЛ ЖИЗЕЛЬ

ҚЫЗЫЛ ЖИЗЕЛЬ