ҚҰРБАНОВА Гүлвира Рахимқызы
Өмірбаяны
23.02.1986 ж., Алматы қ.
Балет әртісі. ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2014 ж.). Халықаралық балет артистері байқауларының лауреаты.
1996-2004 – А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде білім алды, педагогы Б.Т. Сүлеева.
2011-2013 – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының бакалавриатын «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша аяқтады.
2004 жылдан – Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының балет әртісі, жетекші солисі. «Щелкунчик» балетінде Клара партиясымен жеке дебюті болды.
Репертуары: Сильфида («Сильфида»), Жизель («Жизель»); Гюльнара, Медора («Корсар»); Эгина, Фригия («Спартак»); Мария («Бақшасарай бұрқағы»), Одетта-Одиллия («Аққу көлі», П. Чайковский), Клара («Щелкунчик»); Китри, Дриадалар иесі («Дон Кихот»); Джульетта («Ромео мен Джульетта» 2011 ж. 22-23 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры сахнасында алғаш орындады), Никия («Баядерка» 2013 ж. 7 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры сахнасында алғаш орындады), Гамзатти («Баядерка»), Аврора («Ұйқыдағы ару» 2014 ж. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры сахнасында алғаш орындады), Ширин («Махаббат туралы аңыз»), Бойжеткен («Кармина бурана»), Кончитта («Юнона» және «Авось»), Муза («Үлкен вальс», бірінші орындалуы), Султанның қызы («Ұлы Дала аңыздары», бірініші орындалуы), Пимпинелла («Пульчинелла»), Косогтың қалыңдығы («Фрески»).
Концерттік номерлері: Ф. Обер «Классикалық pas-de-deux» (хореограф В.Гзовский); Б. Асафьевтің «Париж Жалыны» («Пламя Парижа») балетінен pas-de-deux (хореограф В. Вайнонен); Ц. Пунидің «Эсмеральда» балетінен pas-de-deux (хореограф А. Ваганова).
Марапаттары: Халықаралық балет конкурстары мен фестивальдерінің лауреаты: «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің II сыйлығының лауреаты (Астана, 2006 ж.); «Бәйтерек» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (Қазақстан, Астана, 2009 ж.); «Мәдениет қайраткері» (2010 ж.).
Библиография
- Ә.А. Мусинованың Гульвира Курбановамен жеке хат алмасуы.
- Владимир Акуленко, Елена Петрова, Максим Кравецтің суреттері – Гүлвира Құрбанованың жеке мұрағатынан және Абай атындағы ҚазҰТОБ мұрағатынан ұсынылған.
- Жумасеитова Г. Хореография Казахстана. Период независимости: монография – Алматы: «Жибек жолы», 2014. – 220 с.+ 32 с. (цв. вклейка) – С.54.
- Наталья Валуйская. «Посвящение великой Улановой». Газета «Казахстанская правда». 4 марта 2012 год. С.10.
- «Ромео и Джульетта в ГАТОБ им. Абая». Сборник «Қазақстан балет әлемі». №2 (5) 2010 год. С.9-12.
- Вера Ляховская. «Нет балета печальнее на свете...». Газета «Известия». 25 мая 2010 год. С.9-10.
- «Прикасаясь к великому». Газета «Караван». №22(147) 28 мая 2010 год. С.35.
- Оксана Бондаренко. «Веронская история». Газета «Вечерний Алматы». №65 25 мая 2010 год.
- Марина Хегай. «Казахстанская Джульетта». Газета «Караван». №31(156) 30 июля 2010 год. С.18.
- Алиса Севрюкова. «Современная Джульетта». Журнал «Дорогое удовольствие». №6 (9) июнь 2012 год. С.44-46.
- Елена Брусиловская. «Вальс о вальсе». Газета «Казахстанская правда». 22 июня 2012 год. С.17.
- Ника Андриянова. «Фархад Буриев и Гульвира Курбанова: мы до сих пор не разгадали друг друга…». Журнал «Отдохни». №7 11 февраля 2013 год.. С.6-11.
- Ермек Рустемов. Фотосессия с супругом - Фархад Буриев «Знай наших». Журнал «Мода». С.12-16.
- Индира Сатбаева. «Второе пришествие Никии». Газета «Вечерний Алматы». №159 28 декабря 2013 год. С.6.
- Марина Хегай. «Без хеппи-энда». Газета «Караван».С.2.
- Рубрика «С любимыми не расставайтесь». Журнал «Отдохни». №8 16 февраля 2015 год. С.16.
- Ольга Храбрых. «Искупая меня в своих руках». Газета «Экспромт». №129 16 июля 2015 год. С.12.
Сілтемелер
- Гульвира Курбанова. Абай ат.КазҰОБТ. Адрес URL: https://www.gatob.kz/o-teatre/artists-and-staff/baletnaya-truppa/33-veduschie-solisty/gulvira-kurbanova/ (дата обращения 23 ноября 2023).
- «Легенды и мифы оперного» Бiлiм және Мәдениет. Гульвира Курбанова и Фархад Буриев. Хронометраж 31.10. 18 мая 2015 г.