ЛИ Людмила Мунсековна
Өмірбаяны
23.05.1951 ж., Гродиково кенті, Жамбыл облысы.
Балеттің жетекші солисі, педагог. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1986 ж.),
«Құрмет» (2009 ж.) және «Парасат» ордендерінің иегері (2018 ж.).
1961-1969 - Алматы мемлекеттік хореографиялық училищесін бітірген, педагогтары: Тастанова Ж. Т., Жақыпова К. М., Унгарова Р. И., Бурцев В. И.
1993-1997 - Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша (үздік диплом).
1969-1989 - Абай атындағы МАОБТ, балет солисі, жетекші балерина. 1989 жылы Сыған биімен («Дон-Кихот») дебют жасады репертуары: Маша («Щелкунчик»), Зарема («Бахчисарай фонтаны»), Эгина («Спартак»), Қалыңдық («Фрескалар», бірінші орындау), Пимпинелла («Пульчинелла», бірінші орындау), Бойжеткен («Бойжеткен және бұзақы», бірінші орындау), Мирта («Жизель»), Мазурка, жетінші вальс («Шопениана»), көше бишісі, сыған биі, Болеро («Дон-Кихот»), Жар-птица («Жар-птица», «Жалынды құс»), Бакханка («Вальпургия түні»), Ханым («Карта ойыны» бірінші орындау), pas-de-trois, үлкен Аққулар, испан биі («Аққу көлі»), Чага («Қыпшақ тұрағы», «Половецкий стан», бірінші орындау), Үнді биі, трио («Баядерка»), испан биі («Камелиямен ханым», бірінші орындау), Полина («Петербургпен қоштасу», бірінші орындау), Эффи («Сильфида», бірінші орындау), өлім («Еркек пен Әйел», бірінші орындау), испан биі («Камелиямен ханым», бірінші орындау).
1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін А.Селезнев атындағы АХУ-де Классикалық би педагогы, классикалық би бойынша циклдік комиссияның төрағасы, 2002 жылдан бастап - классикалық би бойынша әдіскер;
2012-2015 жылдар аралығында - «хореографиялық өнер» мамандығының оқу-әдістемелік бірлестігі директорының орынбасары.
2015 жылдан бастап-көркемдік жетекші. 2000, 2005, 2009, 2011, 2012, 2017, 2020 жылдары балет әртістерінің жеті тобын дайындап шығарды. Түлектер арасында Халықаралық балет конкурстарының лауреаттары мен дипломанттары, хореографиялық өнер қайраткерлері: Садықова А., Мұқашева А., Тукеева Ж., Губанова А., Құдабаева Д., Айшувакова З., Испанова Б., Еркибаева М., Омарова А., Токарева Д., Бекболатова А.
«Қазақстан хореографтар одағы» ҚБ төрағасының орынбасары (2019 ж.), «Қазақстан хореографтар одағы» ҚБ төрағасы (2022 ж. бастап). Халықаралық балет байқауларының қазылар алқасының мүшесі: Токиодағы the world Ballet Trial (2018 ж.); Мәскеудегі XII Korea International Ballet Competition (KIBC) (Сеул, 2019), Moscow World Ballet Grand Prix Final (Москва, 2018/2019).
Жобалар: 2016 ж. - А. Селезнев ат. АХУ білім алушыларының Оңтүстік Африка Республикасының Йоханессбург Балетінде шебер сынып, Претории қаласының «Брайденбах» театрында концерт беру гастрольдік сапарын ұйымдастыру; 2017ж. - «Өрлеу» балет мектептерінің IV халықаралық фестивалін ұйымдастыру; 2018 ж. - «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының V Халықаралық конкурсын ұйымдастыру; 2018 ж. - А. Селезнев ат. АХУ-дың хореографиялық оқу орындарының Халықаралық балет конкурстары Федерациясына кіруін ұйымдастыру; 2019 ж. - «Өрлеу» VІ Халықаралық балет мектептері конкурсын ұйымдастыру; 2019 ж. - «Алматы хореографиялық училищесі-85 жыл» деректі фильмінің продюсері.
Марапаттары: «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі (2005), «Еңбек ардагері (2016 ж.), «Халық алғысы» медалі (2021 ж.), мәдениет және спорт министрінің Құрмет Грамотасы (2021 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2022 ж.).