ӘЛИЯ
Өмірбаяны
2 актілі балет реквиемі.
Композитор - Мансұр Сағатов. Либретто, хореография және қойылымы - Жанат Байдаралин. Қоюшы-суретші - Эрнст Гейдебрехт. Қоюшы-дирижер - Тұрғыт Османов.
Премьера 1978 жылы мамырда Абай ат. МАОБТ сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Әлия - Зарема Қастеева, Раушан Байсеитова; Бозбала - Рамазан Бапов, Бауыржан Ешмұхамбетов.
Спектакль 1944 жылы 14 қаңтарда қазақ халқының қайсар қызы, Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың Ұлы Отан соғысындағы ерлік тарихына негізделген. Балетмейстер ең тамаша психологиялық нюанстар арқылы соғыстың сұрапыл ыстығына тап болған батыл, бірақ сонымен бірге жанашыр да нәзік қазақ қызының бейнесін сомдады. 1980 жылы балет КСРО Үлкен театрының сахнасында көрсетілгеннен кейін басты рөлдерді сомдаған Р.Бапов пен З.Қастееваға әдебиет, өнер, журналистика және сәулет салаларындағы Ленин комсомолы сыйлығы берілді.
Библиография
- Либретто оперных и балетных спектаклей композиторов Казахстана Алия. Балет в 2-х действиях – Составитель: Генералова И.Ю – Алматы: компания «Австралийские авиалинии» – 1995 – 126 с. – С.111.
- Уразгалиева А.И., Кремер Л.М. Оригинальные спектакли на сцене ГАТОБ имени Абая 80-х-90-х годов (балетмейстеры Г.Алексидзе, Ж.Байдаралин, М.Тлеубаев) – Прошлое и настоящее хореографического искусства Казахстана – Алматы: типография КазЖенПУ – 2009 – 145 с – С.37-38.
- Лауреаты премии Ленинского комсомола в области литературы, искусства, журналистики и архитектуры – Википедия – Адрес URL: https://clck.ru/32qfe7 (дата обращения 25.11.2022).
- Османов Тургут Сеид Вакасович // Хейнце – Яшугин. Дополнения А –Я. – М.: Советская энциклопедия: Советский композитор, 1982. – (Энциклопедии. Словари. Справочники: Музыкальная энциклопедия: [в 6 т.] / гл. ред. Ю. В. Келдыш; 1973–1982, т. 6).