ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

16.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

20.09.1974 ж., Алматы қ.

Балет әртісі, педагог. ҚР еңбек сіңірген әртісі (1998 ж.). Халықаралық балет конкурстарының лауреаты.

1984-1992 - А. В. Селезнев ат. АХУ-ні аяқтады, педагогтары: К.М. Жақыпова, Р. М. Курпешева, Б. Г. Аюханов, Р. И. Унгарова;

1993-1998 - жоғары хореография мектебі (Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА) «Хореография режиссурасы» мамандығы бойынша, Б.Г. Аюхановтың шеберханасы.

1992-1994 - Б. Аюханов мемлекеттік академиялық классикалық би ансамблінің солисі ретінде Л. Минкустың «Дон-Кихот» балетінен pas de deux-те дебюті болды, ұжымның барлық балет қойылымдары мен концерттік бағдарламаларына қатысты.

1994-2012 - Абай ат. МАОБТ балет солисі, жетекші балерина. Театрдың Қытайдағы гастрольдік сапары кезінде Одиллия партиясында («Аққу көлі») дебюті блды. Репертуары: Китри («Дон-Кихот»), Пахита («Пахита»), Гүлнара, Медора («Корсар»), Жизель («Жизель»), Сильфида («Сильфида»), Ширин («Легенда о любви»), Мария («Бахчисарай бұрқағы»), Эгина («Спартак»), Одетта-Одиллия («Аққу көлі»), Аврора («Ұйқыдағы ару»), Маша («Щелкунчик»), Бакханка («Вальпургияева ночь»).

1996-1997, 1999-2000 - Словакия Ұлттық театрының солисі (Братислава, Словакия). Алғашқы жетекші партия Китри («Дон-Кихот») болды. Репертуары: Маша («Щелкунчик»), Китри («Дон-Кихот»), Пахита («Пахита»), («Дети Титаника», заманауи балеті, хореография Жак Д' Амбуаз). Жеке партиялардан басқа, әлемнің әр түрлі елдерінің көрермендері Б.Аюхановтың қойылымындағы әйгілі «Хатшы» хореографиялық әзіл миниатюрасында бишіні қуана қарсы алды.

2006-2007 - Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-да хореографиялық пәндер оқытушысы («Классикалық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі», «Хореографиялық мұра»).

2009-2011 - Italia Conte Academy of Arts, Studio Danceworks (Лондон, Ұлыбритания) классикалық би оқытушысы.

2012 жылы Гонконгта, 2022 жылы Австралияда «Fouetté Ballet School» өз балет мектебін ашты. Оның студенттері әлемдегі балет мектептерінде (Лондон, Торонто, Мадрид және Милан), Мәскеу мемлекеттік хореография академиясында оқуларын жалғастыруда.

Марапаттары: «Майя-94 (1994 ж., Санкт-Петербург) арнайы жүлденің иегері; Р. Нұриев ат. ХБАБ-ның III- сыйлығының лауреаты. (1996 ж., Будапешт); ХБАБ-ның III- сыйлығының лауреаты (1996 ж., Варна); «Приз Улановой» Халықаралық балет фестивалінің лауреаты (2000 ж.); Словакия мәдениетіне қосқан үлесі үшін» сертификат және зергерлік бұйым (1999 ж.). «Театр» номинациясы бойынша «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты («Жаңа есім - үміт» тану дәрежесі (2000 ж.).

Библиография

  • Ә.А. Мусинованың Лейла Альпиевамен жеке хат алмасуы.
  • Жумасеитова Г.Т. Хореография Казахстана. Период независимости: монография. – Алматы: «Жибек жолы», 2014. – 220 с. ISBN 978-601-294-210-
  • Алексей Некрасов, Владимир Акуленко, Тұрар Келмағамбетовтің суреттері және Лейла Әлпиеваның жеке мұрағатынан алынған жеке фотосуреттері.

Сілтемелер

Медиа галерея

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы

ӘЛПИЕВА Лейла Тұрсунбекқызы