МАКАРЦЕВА Людмила Викторовна

24.11.2023

Өмірбаяны

17.10.55 ж., Алматы) - балет солисі, педагог-хореограф.

1967 жылы Алматы хореографиялық училищесіне оқуға түсті.

1968-1974 - КСРО Үлкен театры Мәскеу академиялық хореографиялық училищесінің оқушысы, педагогтары: Л. Б. Лаврова, Н.Р. Скороходова, Т. П. Ветрова, Е. Н. Жемчужина.

1985-1987 - КСРО Үлкен театры Мәскеу академиялық хореографиялық училищесінде тағылымдамадан өтушілердің екі жылдық курстарында оқыды.

1992-1997- Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка-педагогикасы факультетін «Хореографиялық пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

1974-1976 - Днепропетровск опера және балет театрының балет әртісі.

1976-1994 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет солисі. Репертуары: Мария («Бахчисарай бұрқағы»), Дриадалардың иесі, қыздар («Дон-Кихот»), Марья-сұлу («Жалын-құс», «Жар-Птица»), Поповна («Орыс ертегісі»), ІІ-актдегі 2 қыздың жеке биі («Жизель»), pas-de-trois,, кішкентай Аққулар («Аққу көлі») және театрдың балет репертуарының басқа партиялары. Балет және опера спектакльдерінде, сондай-ақ концерттерде халықтық-сахналық билерді орындады.

1998-2015 жылдары А. В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің арнайы пәндер бөлімінің әдіскері, классикалық би педагогы.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық хореография академиясының мектеп-колледжнің арнайы пән оқытушысы және академияның оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері. Оқушылар арасында халықаралық конкурстардың лауреаттары: Әсия Диқанбаева, Анель Есқалиева, Риза Қанатқызы, Бақытнұр Дүйсенбаева, Қаламқас Орынбасарова, Гүлзира Жантемір, Камила Шахманова, Алима Әлиханова және басқа да талантты орындаушылар бар, олардың көпшілігі Қазақстан мен шетелдің балет ұжымдарында жетекші орынға ие.

Марапаттары: Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2009), «ҚР Мәдениет үздігі» белгісінің иегері (2017), «Құрмет» орденінің иегері (2018).

Библиография

  • Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатынан Людмила Викторовна Макарцеваның жеке ісі.
  • Ә.А. Мусинованың Людмила Макарцевамен сұхбаты.

Сілтемелер

  • Макарцева Людмила Викторовна. Казахская национальная академия хореографии. Адрес URL: https://balletacademy.edu.kz/ru/ludmila-makarceva/ (дата обращения: 9 октября 2021)