МАЛЬБЕКОВ Эдуард Джабашович
Өмірбаяны
13.02.1941 ж., Алматы қ.
Балет әртісі, педагог-репетитор. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1973 ж.).
1950-1958 – Қазақ мемлекеттік хореография училищесін бітірген, педагогтары: А.К.Бармакова (Тулекова), Р. М. Сейтқалиева, А. В. Селезнев, Ю. П. Ковалев, В. Е. Николаев, Г. Н. Сидорова.
1959-1960 – КСРО үлкен театрындағы Мәскеу академиялық хореографиялық училищесінің жетілдіру сыныбына жіберілді, педагогтары: А.М. Мессерер, Н.И. Тарасов, Т. С. Ткаченко.
1984-1989 – «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы бойынша Әл-Фараби ат. Шымкент педагогикалық мәдениет институтында жоғары білім алған.
1958-1965 – артист, 1960 жылдан Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет солисі. Краковяк, мазурка және татар биінің үш қолбасшысы билері («Бақшасарай бұрқағы» балеті) арқылы солист ретінде дебюті болды.
1965-1967 – Кеңес Армиясы қатарында қызмет ету, қатардағы жауынгер.
1967-1984 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында әртіс, солист, балеттің жетекші солисі. Репертуары: Красс (бірінші орындауы, «Спартак»), Гирей («Бақшасарай бұрқағы»), 2-ші Бозбала (бірінші орындауы, «Болеро»), Тибальд («Ромео мен Джульетта»), Амантай, Али («Достық жолымен») Кербұға (бірінші орындауы, «Ақсақ-Құлан»), Табаки (алғашқы қойылым, «Бауырым, Маугли»), Джанчотто («Франческа да Римини»), Эспада, сығандар («Дон-Кихот»), Ротбарт, pas-de-six - ортада, испан биі («Аққу көлі»), Червовый патша (бірінші орындау, «Карта ойыны»), Көшбасшы (бірінші орындау, «Бойжеткен мен бұзақы»), Ажалсыз Кощей («Жалын-құс», «Жар-птица»), Ганс («Жизель»), Князь Меньшиков («Қола салт атты»), Үнді биі («Баядерка»), Тасша (бірінші орындау, «Чин-Томур»), Хор-ахте (бірінші орындау, «Фрескалар»), Құман (бірінші орындау, «Қыпшақ билері»), Қасқыр («Петя және қасқыр»), Қасқыр (бірінші орындау, «Үш торай»).
Б. Аюхановтың қойылымындағы концерттік нөмірлер: «Карменнің өлімі», «Рондо каприччиозо», үштік «Орфей және Эвридика», «Самбра» жеке нөмірі (Х. Кабестьяни) (оған арнайы қойылған), «Қосалка» (Дәулеткерей), «Балбыраун» (Құрманғазы); басқа концерттік нөмірлері: Ж.Бизе-Р. Щедриннің музыкасына «Тореро» (бишіні жетекші солистер дәрежесіне көтерген М. Ғазиевтің қойылымы); «Виктор Хара» (Ж. Байдаралиннің хореографиясы), «Спиричуэлс» (М. Тлеубаевтың хореографиясы), Баски («Париж жалыны»), Пасодобль, Өзбек биі, Қазақ биі.
1982-1984 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры директорының шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары, педагог-репетиторы.
1984-1986 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры директорының бірінші орынбасары.
1986-1988 – А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры. (АХУ-ға А.В.Селезнев атын берудің бастамашысы (1988ж).
1989-1990 - «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің балетмейстері.
1990 - Абай дағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының педагог-репетиторы.
1990-1992 – Байдаралиннің жетекшілігімен «Гүлдер» мемлекеттік жастар ансамблі мен «Қыпшақ Dance» Заманауи би ансамблінің педагог-репетиторы.
1992-1995 –«Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблінің балетмейстері.
1995-2002 – А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің классикалық би педагогы.
1999-2001 – А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі.
1999-2004 – Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы хореография кафедрасының аға оқытушысы.
2002-2005 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрдың балет труппасының меңгерушісі.
2002-2010 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрдың педагог-репетиторы.
2010-2017 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрымен қатар «Самұрық» заманауи балет театрының педагог-хореографы.
Ол Алматы хореографиялық училищесі үшін А.Бородиннің (К. Голейзовскийдің редакциясы) «Қыпшақ билері» қойылымын жүзеге асырды. А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде(2000), Абай ат. МАОБТ артистері К. Монтойяның «Хикуэлина», Л. Армстронгтың «Танго» хореографиялық миниатюраларын жүзеге асырды.
А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары арасында халықаралық конкурстардың лауреаттары: Д.Чиныбаев, А.Сафронов, Я.Мерғалиев, Н.Бекжанов және Ж.Қайыр (Г.Таранда басшылығымен императорлық орыс балетінің премьері), А. Алиев, А. Дильдебаев. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында оқушыларынан : А.Зақан, А.Мурзакулов, А.Жексенбек, Ф.Буриев, Р.Иманқұлов және басқа да көптеген қазақстандық балет театрлары мен жақын және алыс шетел труппаларының солистері.
Марапаттары: «Құрмет Белгісі» орденінің иегері (1984 ж.),«Еңбек ардагері» медалі (1984 ж.); «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001 ж.).Библиография
- Абай атындағы ҚазҰТОБ мұрағатынан Малбеков Эдуард Жабашұлының жеке ісі.
- Мусинова А.А. Рыцарь танца: Эдуард Мальбеков.– Эдуард Мальбеков. Благородный рыцарь танца. Творческая, педагогическая, административная деятельность. Воспоминания. Фотоматериалы – Сборник – Алматы: Қазақ университеті – 2021 год – 160 стр. – С.10-16.
- Қазақстан хореографиясының алтын бесігі – Монография – Главный редактор Калиева А.Ж. – Алматы: «Литер» – 2016 – 618 с.
Сілтемелер
- «Балет «Дон Кихот» покажут на сцене КазНАТОБ имени Абая». TengriNews. 17 февраля 2021г. Адрес URL: https://tengrinews.kz/news/balet-don-kihot-pokajut... (Дата обращения: 24 октября 2021 года)
- «Балет для юбиляра: «Дон Кихот» в театре имени Абая». Программа «Евразия. Культурно». Телеканал «МИР». Хронометраж: 2.57. 15 марта 2021г. Адрес URL: http://mirtv.ru/video/68452/ (Дата обращения: 24 октября 2021 года)
- Елена Брусиловская «Возвращение шедевра». Казахстанская правда. 9 июля 2021 г. Адрес URL: https://www.kazpravda.kz/articles/view/vozvrashche... (Дата обращения: 24 октября 2021 года)
- Юбилей Эдуарда Мальбекова в КазНАТОБ имени Абая // Qazaq Ballet — интернет-журнал о хореографическом искусстве Казахстана. — URL: https://qazaqballet.kz/jubilej-jeduarda-malbekova-.... Дата публикации: 21.02.2021. — Текст электронный.
Премьеры. Эдуард Мальбеков - Рыцарь танца. К 80-летию танцовщика