МАМБЕТОВА Гүлнара Жалғаспайқызы

28.10.2023  | Автор: Ізім Т.О

Өмірбаяны

(20.02.1965 ж., Ақтөбе қ.) - биші. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2010 ж.).

1985ж. - Эстрадалық-цирк студиясының хореография бөлімінде оқыған, педагогтары: Г.А.Орымбаева, Қ.Н.Андосов;

1987-1991жж - Хореография мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірген;

2017-2019 - Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов Мемлекеттік университетінің магистратурасын тамамдаған.

Ақтөбе облысы филармониясының балет әртісі (1985-1987); Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде (мәдениағарту училищесі) хореографиялық пәндер оқытушысы (1991-1994); Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік аймақтық университетінің «Музыка және хореография» кафедрасының оқытушысы (1994-2020).

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облысы филармониясының «Аққу» би ансамблінің негізін қалаушы (2000 ж.), тұрақты жетекшісі және бас балетмейстері. 2022 жылы ұжым «Үздік би ұжымы» номинациясы бойынша «UMAI» ұлттық сыйлығымен марапатталды. Би өнерін дамытуға және Ақтөбе облысының хореографиялық өнері бойынша кадрлар даярлауға үлкен үлес қосты.

Медиа галерея

МАМБЕТОВА Гүлнара Жалғаспайқызы

МАМБЕТОВА Гүлнара Жалғаспайқызы

МАМБЕТОВА Гүлнара Жалғаспайқызы

МАМБЕТОВА Гүлнара Жалғаспайқызы