МАНОН

26.10.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

3 актілі балет.

Композитор - Жюль Массне. Оркестрге өңдеген және аранжировкасы - Мартин Йетс. Либретто - Кеннет Макмиллан, Прево аббаттың «Кавалер де Грие мен Манон Лесконың хикаясы» романының желісі бойынша. Хореография - Кеннет Макмиллан, Қоюшы-балетмейстерлер - Карл Бёрнетт және Патрисия Руанн. Декорация мен костюмдер - Николас Георгиадис. Декорация үйлестірушісі - Чинциа Ло Фацио, костюмдер үйлестірушісі - Наталья Стюарт, Арасель Досмұратова. Жарық суретшісі - Якопо Пантани. Қоюшы-дирижер - Арман Оразғалиев.

Премьерасы 2017 жылдың 28 және 29 сәуірінде өтті. Спектакль «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрына арнап қойылды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Манон - Мадина Басбаева (Унербаева), Әйгерім Бекетаева; Де Грие - Рустем Сейтбеков, Олжас Тарланов; Леско - Бақтияр Адамжан, Арман Уразов; Г.М. мырза - Жәнібек Иманқұлов; Лесконың ғашығы - Анель Рүстемова, Гауһар Усина; Бақылаушы - Олжас Маханбеталиев; Ханым - Серина Сунагава, Алтынай Қағазбаева.

Хореограф Манонның хикаясын заманауи әлемге бейімдеген. Батыл сюжет жоғары қоғамның келеңсіз әрекеттерін әшкерелеп, сол заман жағдайында Де Гриенің мөлдір махаббатының мүмкін еместігін, дәрменсіздігін көрсетеді. Макмиллан нағыз суреткер ретінде көркем шығармасында жоғары қоғамның барлық драматургиясын, қайырымсыздығын әшкерелеп, әдеби түпнұсқаның идеясын, мақсатын сақтай білді.

Медиа галерея

МАНОН

МАНОН

МАНОН

МАНОН