МАЖИКЕЕВ Қайрат Мұқашұлы
Өмірбаяны
26.06.1945 ж., Алматы қ.
Балет әртісі, педагог-репетитор, хореограф.
1958-1964 – КСРО Мәскеу академиялық Үлкен театр жанындағы Мәскеу академиялық хореографиялық училищесі классикалық бөлімінің оқушысы, педагогтары: Е.П. Валукин, Л. Т. Жданов. 1973 жылы (ақпан) – Бүкілодақтық мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында балетмейстер-педагог курстарынан өтті.
1964-1984 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі, солисі. Жеке дебюті «Русалка» операсындағы бас Буффало партиясы болды, «Бақшасарай бұрқағы» балетінде биші Б.Валиевтің орнына шұғыл шығып (1965 ж.) дайындықсыз орындаған Нұралы партиясындағы дебюті жетекшіге айналды, содан кейін «Аққу көлінде» Шут партиясын орындады.
Репертуары: Шурале («Шурале»), Бұзақы («Бойжеткен мен бұзақы»), Пульчинелла («Пульчинелла»), Нұралы («Бақшасарай бұрқағы», 1981 жылы жаңартылған қойылымда алғашқы орындаушы), Медж («Сильфида», алғашқы орындалуы), Атаусыз («Фрескалар», алғашқы орындалуы, хореограаф З. Райбаев), Джин («Чолпон»), Кодар, қара қарға («Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»), Табаки («Бауырым, Маугли»), Хан Зада («Ақсақ құлан»), Сайқымазақ («Аққу көлі»), Джокер («Карта ойыны»), Пан («Фауст» операсынан «Вальпургия түні» хореографиялық сахнасы, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында алғашқы орындалуы, хореграф М. Тлеубаев), Шабандоз («Князь Игорь» операсынан «Қыпшақ билері» хореографиялық көрінісі, қоюшы-балетмейстер Б. Мягков), Флорина ханшайымы мен Көк құстың pas-de-deux («Ұйқыдағы ару»), Петя («Петя мен Қасқыр», хореограф З. Райбаев, алғашқы орындалуы), бақташылар төрттігі («Спартак»), Шайтан (М. Чулаки «Орыс ертегісі», хореогр. М. Тлеубаев алғашқы орындалуы), Ниф-Ниф (С. Кибиров «Үш торай», хореограф М. Тлеубаев, алғашқы орындалуы) және басқа партиялар. Концерттік номерлері: «Баба-Яга» (М.Мусоргскийдің «Суреттер мен көрмелер» («Картинки и выставки») балетінен, Е. Брусиловский «Балбырауын», В. Соловьев-Седой «Гопак», Құрманғазының «Сары-Арка» күйіне үш орындаушыға қойылған би және т. б.
1978 – Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетіндегі Нұралы мен И. Стравинскийдің «Пульчинелла» балетіндегі Пульчинелла партияларын Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастрольдік сапары кезінде Мәскеу КСРО Үлкен театрының сахнасында орындады.
1967 – жылдан бастап, артистік қызметпен және хореографиялық училищедегі жұмыстарымен қатар театрда педагогикалық қызметпен айналысты. 1968 жылдан бастап Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында педагог-репетитор болып жұмыс істеді.
1984 жылдан бастап педагогикалық, балетмейстерлік және режиссерлік қызметке ауысты.
1985-1987 – ҚазКСР мемлекеттік Еңбек сіңірген ән-би ансамблінің балетмейстер-репетиторы; Л.Бетховеннің «Ай сонатасы» музыкасына хореографиялық композиция қоюды жүзеге асырды (Ақтау, 1986 ж.).
1987-1988 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының педагог-репетиторы.
1988-1990 жылдары КСРО мәдениет Министрлігінің тапсырмасы бойынша Мозамбик Республикасының астанасы Мапуту балет мектебінде (Оңтүстік - Шығыс Африка) жұмыс істеді, Ш. Гуноның «Вальпургиев түні» балетін және хореографиялық миниатюралар кешін қойды, олардың арасында көрермен Н.Тілендиевтің музыкасына пуантада биленген «Сырнай мен Сазсырнай» жеке қазақ биін ерекше таңдана қабылдады.
1991-1993 – хатшы-референттерді даярлау бойынша «Гармония» мектебінің негізін қалаушы директоры.
1995 – Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған ауқымды іс-шараның қоюшы-режиссері (Семей).
1995 – Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының бас балетмейстері. «Достар әуендері», «Алтын алма» спектакльдерінің қоюшысы.
Қоюшы-режиссер ретінде «Азия Дауысы» (1991-1995, Алматы қ.), «Орта Азия, Қазақстан және Әзірбайжан аруы» және т. б. сияқты ірі жобаларға қатысты.
1996 – М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған іс-шараның қоюшы-режиссері (Семей).
1995-1997 – «Дәстүрлер сыйлығы» Халықаралық балет фестивалінің қоюшы-режиссері (Алматы).
2003 жылдан – Philadelphia Dance Concervatory балет студиясының бас кеңесшісі (АҚШ, Филадельфия), қоюшы-балетмейстер, студиядағы балет спектакльдерінің режиссері, «Lora studio dance» (Алматы) жеке хореографиялық студиясының педагогы.
2020-2021 – Philadelphia dance Concervatory балет студиясы үшін Құрманғазының «Сары-Арқа» күйіне «Шабандоз», М.Мусоргскийдің «Баба Яга», «Тұран» этно-фольклорлық тобының композициясына «Томирис ханшайым» қойылымдарын жүзеге асырды. Концерттік нөмірлерді орындаушылар California Dance Classic (АҚШ, Сан-Диего) байқауында Neo-classical номинациясының лауреаттары болып табылады. «Томирис ханшайым» және А.Глазуновтың «Панадерос» концерттік нөмірлері мен оқушылары Италия мен Испаниядағы халықаралық байқауларда жүлделі марапаттарға ие болды.
Библиография
- Мәжикеев Қайрат Мұқашұлының жеке ісі Абай атындағы ҚазҰТОБ мұрағатынан.
- 2010 және 2022 жылдарда Ә.А. Мусинованың Қайрат Мажикеевпен сұхбаттар.