МАЖИКЕЕВА Лариса (Лора)

23.11.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

25.05.1944 ж., Алматы қ.

Балет әртісі. Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі (1978 ж.).

Алматы қаласының №19 орта мектебін (1951-1961) және Алматы хореографиялық училищесін (1959-1965) бітірген, педагогтары: А. Г. Ғабитова, Б. Г. Аюханов, Э. А. Усин, Р. М. Курпешева.

1967-1968 – КСРО Үлкен театры (Мәскеу, РСФСР) жанындағы Мәскеу академиялық хореографиялық училищесінде тағылымдамадан өтті.

1979-1984 – Б. Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер университетінде «Мәдени-ағартушылық жұмыс» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

1965 жылдың қаңтар-мамыр Хореографиялық училищесінің бітіру сыныбының оқушысы бола тұра, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры балет труппасының штатына уақытша қабылданды.

1965-1987 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі, кейін солисі. Репертуары: pas de troix, кішкентай Аққулар, Қалыңдық («Аққу көлі»), Ана («Мәңгілік алау»), Сығандар, гүл сатушы қыздар («Дон-Кихот»), I актдегі енгізілген pas-de-deux, виллис жұбы («Жизель»), классикалық және ұлттық репертуардағы балет және опера қойылымдары.

Әлем халықтарының би орындаушылары Лора Мажикеева мен Фируза Жолымбетованың жұбы Қазақстанның хореографиялық өнеріндегі құбылыс болды. Репертуары: «Былқылдақ» (Д.Әбіровтың қойылымы), «Аққу» (Б. Ғ. Аюхановтың қойылымы), «Балбыраун», «Қосалқа» (З. М. Райбаевтың қойылымы), «Қазақ кәдесыйлары» және «Қуаныш» (Д. Б. Қияқованың қойылымы). Д. Б. Қияқова қойған билер: «Памир биі», «Тәжік биі», «Өзбек биі», «Орыс биі», «Жапон биі», «Үнді биі» және басқалары әйгілі жұптың негізгі репертуарына айналды. Қазақстанда жұп үнемі жеке концерттермен өнер көрсетті, үкіметтік концерттердің тұрақты қатысушысы болды. Жұп шет елдерде: Канада (1967 ж.), Жапония (1970 ж.), Судан (1971 ж.), Моңғолия (1972 ж.), Ливан және Сирия (1973 ж.), Дания (1975 ж.), Ангола (1977), Жоғарғы Вольта, Мали, Италия (1978), Венгрия (1980), ГДР (1981), Португалия (1982), Куба (1983), Швейцария (1984), Швеция, Филиппин (1985), Марокко (1986) болды.

1992 жылдан бастап – «Lora studio dance» жеке хореографиялық студиясының негізін қалаушы, жетекшісі және оқытушысы (Алматы).

2003-2023 – Philadelphia dance Concervatory (АҚШ, Филадельфия) балет студиясының шақырылған оқытушысы.

Марапаттары: «Тың жерлерді игергені үшін» (1969), медалі, «В.И. Лениннің 100 жылдығына орай Ерен еңбегі үшін» (1970), «Еңбек ардагері» медальдері.

Библиография

  • Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатынан Лора Мәжикееваның жеке ісі.
  • 2022 жылы Ә.А. Мусинованың Лора Мәжікеевамен сұхбат.

Медиа галерея

МАЖИКЕЕВА Лариса (Лора)

МАЖИКЕЕВА Лариса (Лора)

МАЖИКЕЕВА Лариса (Лора)

МАЖИКЕЕВА Лариса (Лора)

МАЖИКЕЕВА Лариса (Лора)

МАЖИКЕЕВА Лариса (Лора)

МАЖИКЕЕВА Лариса (Лора)

МАЖИКЕЕВА Лариса (Лора)