МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮЗІМ

26.10.2023  | Автор: Молдахметова А.Т.

Өмірбаяны

Бір актілі балет спектаклі.

Композитор - Мамед Садых-Пур. Либретто - Олег Пак, Мамед Садых-Пур. Хореография және қойылымы, костюмдер - Олег Пак. Дауыс - Виктор Ашанин, флейтада солист - Талғат Хасенов.

Премьера 2009 жылы 25 мамырда ІІІ Орталық Азия заманауи би фестивалінде А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің сахнасында өтті. Спектакль «Самұрық» заманауи би театрының труппасына арнап қойылды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Үнсіз түс - Альбина Додарходжаева; Күздің екі иісі - Эльдияр Данияров, Елена Эзау; Бөртегүл желі - Олег Пак, Асель Абақаева; Жаңбырдағы қадамдар - Ерсайын Мұқаев, Альбина Додарходжаева, Бауыржан Қосманов, Елена Эзау; Аспанға құлау - Болат Ахмеджанов; Қала - балет әртістері.

Көшенің және өтіп бара жатқан көліктердің шуы, айқай мен дауыстардың бәрі бір қорқынышты, жиіркенішті бір дыбысқа біріктіріліп, адам кенеттен оны қоршап тұрған күздің түрлі-түсті палитрасын байқайды. Оған ғашық болып, оның барлық түстерін көріп, сезіне бастайды. Оның тыныш жұмсақ түсі, жалпылдаған жапырақтары, тыныштық иісі. Салқындық, озонның иісі және теріге жағымды бөртпегүлдей жел. Бұл спектакль хореографтың жеке басынан кешкені мен ой-пікірлерінің көрінісі. Басты кейіпкер күздің өткінші сұлулығынан пана, жайлылық тауып,«дұшпандық» шындықтан қашуға әрекеттенеді.

Медиа галерея

МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮЗІМ

МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮЗІМ