МЕРҒАЛИЕВ Яссауи Ильясұлы

25.11.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

30.12.1984 ж., Түркістан қ., Оңтүстік Қазақстан облысы.

Балет әртісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2006 ж.). Халықаралық байқаулардың лауреаты.

1994-2002 – А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін бітірген, педагогтары: Лукомский В.Е., Шакирбаева Г.И., Косманов С.Ж., Жантаев Б.М., Мальбеков Э.Д.

2017-2021 – Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің (Челябинск, ЮУрГГПУ) бакалавриатын «Халықтық көркем мәдениет» мамандығы бойынша бітірген.

2002 – Императорлық орыс балетінің солисті (Мәскеу, Ресей). Хореографиялық училищенің түлегі, дарынды бишіні «Императорский русский балет» труппасының жетекшісі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Гедиминас Таранда А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде шеберлік сабағында байқап, жеке шақыру ұсынады .

2003-2005 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет солисі. Осы театрдың балет труппасының жетекшісі және педагог-репетиторы хореографиялық училищеде оның ұстазы болған Эдуард Джабашович Мальбеков екенін біліп , биші Алматыға оралды. «Бұл кісі - көрнекті тұлға. Өмірімнің көп тұстары ұстазыммен байланысты», – дейді Яссауи Мерғалиев.

Репертуарлары: Базиль («Дон Кихот»), Ханзада («Щелкунчик»), Джеймс («Сильфида»), Көк құс («Ұйқыдағы ару»), Сайқымазақ («Аққу көлі»), Нұралы («Бақшсарай бұрқағы»). ), Чарли (алғашқы орындау, «Чарли»),I актідегі қосылған pas-de-deux («Жизель»), Бахус («Вальпургия түні»).

Яссауи Мерғалиев ең үлкен жетістікке Л.Минкустың «Дон Кихот» балетіндегі Базиль, Х. Левенсхольдтың «Сильфида» балетіндегі Джеймс және Б.Асафиевтің «Бақшасарай бұрқағындағы» Нұралы рөлдерін сомдау арқылы жетті.

Биші жапон балеринасы Йоко Канетамен бірге «Дон Кихот» балетін дайындады. Дебют керемет, ойламаған нәтиже берді. Ең қиын секірулер каскады, ұйытқыта айналуы, еліктірер актерлік , нағыз испандық темперамент - көрермен мұның бәрін спектакльден тамашалады .

«Сильфида» балетінде Яссауи талантының тағы бір қыры ашылды. Оған балет кейіпкерінің романтикалық шынайы сезімдерімен, нәзік лиризмі, терең өкініші етене жақын еді. Көрермен ол сомдаған Джеймске сиқыршы Медждің аяғына құлаған кезінде жаны ашыды.

Театр сахнасында белсенді жұмыс істей отырып, Яссауи өзінің концерттік репертуарын жетілдірді.

2006-2007 жж. – әлемнің жетекші театрларының шетелдік гастрольдеріне шақырылған солист: Украина Ұлттық операсы (Киев), Ballet municipal de Lima (Перу); Victor Ullate Ballet (Мадрид, Испания).

2009 ж. – Ресей және Грузия халық әртісі Нина Ананиашвилидің шақыруымен З.П.Палиашвили атындағы Тбилиси мемлекеттік опера және балет театрында жетекші солист ретінде қызмет етті (Тбилиси, Грузия).

2010 ж. – Барселона балетінің жетекші солисті (Испания).

2011-2014 жж. – Сплит қаласындағы (Хорватия) Хорват ұлттық театры балетінің жетекші солисі.

2015 – американдық балерина Патрисия Баркер жетекші балет әртісі ретінде Grand Rapids балетіне шақырды (Чикаго, Иллинойс, АҚШ).

Жобаларға қатысу: Мәскеу халықаралық «Grand pas» балет фестивалі, (2002); Р. Нуриев ат. XVII Халықаралық классикалық балет фестивалі, (Қазан, 2003); «Europa Danse» труппасымен Франция қалаларына саяхат (2003); «Әлемдік балет жұлдыздары» халықаралық фестивалі (Киев, 2006); - International ballet Festival Inspoleto (Чарлстон, АҚШ, 2010); 2019-2020 - BBC телеарнасының the Greatest Dancer бағдарламасында үлкен кәсіпорындардың ірі алаңдарының бірінде өнер көрсетті. Қазіргі уақытта биші белсенді түрде Ресей, Латын Америкасы, АҚШ, Ұлыбританияның жетекші балет компанияларымен гастрольдік сапарларға шығып жүр.

Марапаттары: 2001 ж. – Ю.Григорович атындағы «Фуэте Артека» классикалық би орындаушыларының IV Халықаралық жасөспірімдер байқауы. Қырым, Украина (бірінші сыйлық); 2002 ж. - Сібірдегі V халықаралық хореографиялық училищелер байқауы. Новосибирск, Ресей (бірінші сыйлық); 2002 ж.-Леонид Якобсон атындағы Халықаралық жас балет әртістерінің байқауы. Санкт-Петербург, Ресей (екінші сыйлық); 2003 ж. - V ХБАБ. Биарриц, Франция (екінші сыйлық); 2004 ж.-VII Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі «Шабыт». Астана, Қазақстан Республикасы (Гран-при); 2005 ж.-ХБАБ. Нагоя, Жапония (финалист); 2005 ж. - МКАБ. Сеул, Оңтүстік Корея (екінші сыйлық); 2006 ж. - Серж Лифар атындағы VI ХБАБ. Киев, Украина (екінші сыйлық); 2006 ж. - «Арабеск-2006» Ресей балет әртістерінің IX ашық байқауы. Пермь, Ресей (Третьяков сыйлығы); 2006 ж. - ХХІІ ХБАБ. Варна, Болгария (бірінші сыйлық); 2006 ж. - Юрий Григоровичтің «Әлемнің жас балеті» атты I Халықаралық байқауы. Сочи, Ресей (екінші сыйлық); 2010 ж.-Istambul International Ballet Competition. Қазылар алқасының арнайы сыйлығы. Стамбул, Түркия.

Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2006 ж.); ҚР Президентінің 1 стипендиаты (2007 ж.), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2021 ж.); «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021 ж.).

Библиография

  • Ә.А. Мусинованың Ясауи Мерғалиевпен жеке хат алмасуы.
  • Бишінің жеке мұрағатынан алынған Ясауи Мерғалиевтің фотосуреттері.
  • Владимир Акуленконың фотосуреттерін Абай атындағы ҚазҰОБТ ұсынды.

Сілтемелер

Галымжан Караманулы. «Казахстанец покоряет британские подмостки» 24 Хабар. Хронометраж: 2.08. 19 февраля 2020 г.

Медиа галерея

МЕРҒАЛИЕВ Яссауи Ильясұлы

МЕРҒАЛИЕВ Яссауи Ильясұлы

МЕРҒАЛИЕВ Яссауи Ильясұлы

МЕРҒАЛИЕВ Яссауи Ильясұлы

МЕРҒАЛИЕВ Яссауи Ильясұлы

МЕРҒАЛИЕВ Яссауи Ильясұлы

МЕРҒАЛИЕВ Яссауи Ильясұлы

МЕРҒАЛИЕВ Яссауи Ильясұлы