МИХАЛЕВА Галина Александровна
Өмірбаяны
МИХАЛЕВА Галина Александровна (12.11.1960 ж., Аскиз қ., Хакас автономиялық обл., РФ) - балет әртісі, педагог-репетитор. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1990 ж.).
1972-1979 - Алматы хореографиялық училищесін «Балет әртісі» мамандығы бойынша педагог И.К.Олзоеваның сыныбында оқыды;
1999-2003 - Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша бітірген.
1979-2001 - Б.Аюхановтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік классикалық би ансамблінің солисі. Негізгі партиялары: «Жетінші вальс» (Ф. Шопен), «Аве Мария» (И. Бах - Ш.Гуно), «Бразилиялық бахиана» (В.Лобос «Бразильская бахиана»), «Көңілсіз вальс» (Я.Сибелиус), «Жизель» (А.Адан, 2 актінің pas-de-deux), «Мен сені әрқашан жақсы көремін» (У.Хьюстон, «Я всегда буду любить тебя»), «Вальс» (И.Штраус), «Камелия ұстаған ханым» («Дама с камелиями», Дж.Верди). Балеттердегі жетекші партиялары: Хрисофемида («Электра»), Сонечка («Қылмыс пен жаза», «Преступление и наказание»), Ольга («Татьяна Ларина»), Чайковскийдің алғашқы концерті (1-бөлімнің жеке әні, 2-бөлімнің жеке әні), Офелия («Гамлет»), Эдит Пиаф («Эдит Пиаф- Франция жаны»).
2001 жылдан - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының педагог-репетиторы.