МИРАКОЛО
26.10.2023 | Автор: Ізім Т.О.
Өмірбаяны
Заманауи хореография стиліндегі бір актілі балет.
Композитор - Карло Джесуальдо. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм - Гүлмира мен Гүлнара Ғаббасовалар.
Премьерасы 2001 жылы өтті. Спектакль Болат Аюхановтың басқаруындағы ҚР Мемлекеттік академиялық би театры үшін қойылды.
Орындаушылар: қара күштер - Ринат Мусин, Антон Зырянов, Гүлмира Ғаббасова; қыз - Гүлнара Ғаббасова. Періштелер - театр труппасының қыздар құрамы.
Өмірде біз періштелердің тылсым қолдауын және қараңғы күштердің азғыруын сезінеміз. Адам әрқашан таңдау алдында тұрады - күнделікті күйбің тірлік немесе өмірі қызықты, алуан түрлі болады.