МИРСЕИДОВ Ұлан Атауллаұлы
Өмірбаяны
06.03.1952 ж., Шымкент қ. – 30.01. 2013 ж., Алматы қ.
Балет әртісі, педагог-репетитор.
1962-1971 – Алматы хореографиялық училищесін педагогтары: Е.А. Усин, М. З. Ахмедиева, Р. М. Еркібекова, Л. М. Таганов, М. И. Мунтин;
1994-1997 – Т. Жүргенов ат. Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Хореография педагогы» мамандығы бойынша бітірген.
1971-1991 – Абай ат. МАОБТ-ның балет әртісі, солисі. Репертуары: Сайқымазақ, pas de troix («Аққу көлі»), Маугли (Рок-опера-балет «Бауырым, Маугли»), Алтын Құдай («Баядерка»), енгізілген pas de deux («Жизель»), Шайтан («Шурале»), Хан-Зада («Ақсақ-Құлан»), Нұралы, Бозбала («Бахчисарай бұрқағы»), Капитан (бірінші орындауы, «Доктор Айболит»), Косог, Атаусыз (қайта жаңғырту кезінде бірінші орындауы (1988 ж.), «Фрескалар»), Шайтан («Орыс ертегісі»), Пан («Вальпургия түні»), Треф Королі (бірінші орындау, «Карта ойыны»), Пульчинелла («Пульчинелла»), Кіші ұл (бірінші орындау, «Ескі фотосурет»), артиллерия отрядының командирі (бірінші орындау, «Әлия»), шопандар үштігінде Шопан (алғашқы қойылым, «Спартак»). Концерттік нөмірлері: «Балбырауын» (Құрманғазы), «Құс туралы аңыз» (муз. С. Рахманинов), «Сары-Арқа» (муз. Құрманғазы, «Ж. Байдаралин хореографиясы).
1988-2013 – А. В. Селезнев ат. АХУ-дың классикалық би педагогы, 1998-2003 - А. Селезнев ат. АХУ директоры. Осы жылдары жаңа Астанада К. Байсейітова ат. ұлттық опера және балет театрының балет труппасын құру үшін Астанаға жіберілген Алматы хореографиялық училищесінің оқушыларын кезекті және мерзімінен бұрын бітіру жүзеге асырылды.
2006-2013 – Абай ат. МАОБТ-ың балет труппасының директоры, педагог-репетиторы. «Аққу көлі», «Жизель», «Махаббат туралы аңыз», «Бахчисарай бұрқағы», «Сильфида», «Дон-Кихот», «Спартак», «Фрескалар», «Ромео мен Джульетта», рок-ритм-балет «Юнона» және «Авось», «Кармен-сюита», «Үш торай», «Анна Каренина», «Фауст» операсымен «Вальпургия түні» сияқты спектакльдерімен жұмыс істеді. Оның шәкірттері - жетекші бишілер мен ХБАБ лауреаттары: Н. Әбуғалиев (Pittsburgh Ballet theatre, АҚШ), А. Богов (SNG Maribor, Словения, ХБАБ лауреаты), С. Исембаев («Қазақфильм», кино актері), Д. Сушков (Абай ат. МАОБТ жетекші солисі, кейін Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА хореография факультетінің деканы және профессоры), К. Халметов, С. Кауков (МОБТ «Астана Опера», ХБАБ лауреаты), Т. Қожабаев (Смирнова-Голованова театры, Ресей), Ж. Қайыр («Императорлық Орыс балеті» солист, Ресей), А. Мұсаханов (М. Жалиль ат. ТатАМОБТ., Ресей), Р. Савденов (Тулузадағы Капитолий театры, Франция, ХБАБ лауреаты), Р. Сейтбеков (МОБТ, «Астана Опера» театры), Досжан Табылды (Абай ат. ҚазҰОБТ, ХБАБ лауреаты), М. Назарғожаев (Дания корольдік балеті, ХБАБ лауреаты) және басқалар.
Ұлан Мирсеидов қызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Наргиз Мирсеидованың тағдырында ұстаз-тәлімгер ретінде ерекше рөл атқарды.
2014 жылдың 20 мамырында Наргиз әкесін еске алу мақсатында театр басшылығы мен Konokbaev groupтың қолдауымен Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Балет жұлдыздары. Ұлан Мирсейідовке арнау» кешін ұйымдастырды.
Концертке ХБАБ лауреаттары қатысты: Айдос Закан, Boston Ballet (АҚШ) солисті; Саяка Такуда, Мәскеу классикалық балетінің солисі; Андрей Писарев, Украина Ұлттық операсының солисі; Глинка атындағы Челябі мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері Екатерина Хомкина мен Алексей Сафронов; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Гауһар Усина мен Сержан Кауков, «Астана Опера» театрының жетекші солистері;
Абай атындағы МАОБТ солистері : Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Дмитрий Сушков пен Гүлвира Құрбанова; Фархад Буриев, Нұрлан Қоноқбаев, Әсет Мурзақұлов және Наргиз Мирсеидованың өзі, сонымен қатар, концертке «Самұрық» заманауи би театры мен А.В. Селезнева атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары қатысты. Концерттің бас режиссері Абай атындағы МАОБТ балет тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының халық әртісі Гүлжан Тұткібаева.
«Таңғажайып қарапайым, ұстамды және сабырлы мінезді Ұлан Атауллаұлы бүкіл өмірін балет залы мен оқушыларына арнады. Онсыз ол өзінің өмірін елестете алмады. Дәл сол жерде, балет залында, сабақ немесе репетиция кезінде ол толығымен танымастай өзгеріп кететін. Ұшқыр қиялы таңғаларлық қисынды және музыкамен үйлесімді әдемі сабақ композицияларын дүниеге әкелді. Өткір, сыншы көздері оқушылардың қателіктерін бірден байқайтын. Қатал, бірақ пікірі, сын сөздері ешқашан оқушыларын басып тастамайтын, кемсітпейтін, керісінше, жігерлендірді, шабыттандырды. Оның сыныбында әрқашан шығармашылық пен жасампаздық атмосферасы болатын. Бұл Ұлан Атауллаұлының стихиясы , бұл оның бүкіл өмірі болды», – деді Ұлан Мирсейідовпен қоштасу кезінде әріптесі әрі үзеңгілесі Эдуард Мальбеков.
Библиография
- Шанкибаева А. Б. Тайна таланта. Памяти Улана Мирсеидова // Танец. Поиск. Достижения. Ответственный редактор Д. В. Сушков. Алматы КазНАИ им. Т. Жургенова 2014.
- Ә. А. Мусинованың Ұлан Мирсеидовпен 2010 жылы сұхбаты.
- Ә. А. Мусинованың 2022 жылы Наргиз Мирсеидовамен сұхбаты.
- Фотосуреттер Наргиз Мирсеидованың жеке мұрағатынан алынған.
Сілтемелер
- Мирсеидова Н. «Мой папа — Улан Мирсеидов». Qazaq Ballet — интернет-журнал о хореографическом искусстве Казахстана. 31 марта 2019г. Адрес URL: https://qazaqballet.kz/main_articles/moj-papa-ulan-mirseidov (Дата обращения: 23 октября 2021 года).
- «Улан Мирсеидов: три грани счастья – Танцовщик, Педагог, Человек». Esquire.kz. 20 декабря 2019г. Адрес URL: https://esquire.kz/ulan-mirseidov/ (Дата обращения: 23 октября 2021 года).
- «Казахстанские воображатели балета» Казахская национальная академия хореографии. 1 октября 2019г. Адрес URL: Казахская национальная академия хореографии (balletacademy.edu.kz) (Дата обращения: 23 октября 2021 года).