МОЛДАБЕКОВ Айтымбай
Өмірбаяны
(15.05.1924 ж., Ақмола қ. - 21.09.2001 ж., Алматы қ.) - живопис суретшісі, монументалист, театр суретшісі, педагог, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы (1941-1945 жж.).
1950-1952 - Н.В.Гоголь атындағы Алматы Театр-көркемсурет училищесін көркем-педагогикалық және театрлық-декоративтік бағыттары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1952 жылы Абай ат. мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бастады. Театрдың алғашқы кәсіби қоюшы-суретшілерінің бірі. Декорация цехының меңгерушісі, кейін бас суретші болып жұмыс істеді. Ол Ф.Яруллиннің «Шурале» (1956 ж.), Л.Степанов, Е.Манаев Е.Н.Тілендиев пен Н.Тілендиевтің «Дорогой дружбы» («Жоңғар қақпасы»), (1957ж.), В.Великановтың «Камбар и Назым» (1958 ж.) балеттерін қоса алғанда, 20-дан астам театрлық қойылымдарды безендірді. А.Молдабеков театрда жұмыс істей жүріп, станоктық кескіндемеге көп уақыт бөлді, эскиздер жасады, суреттер салды. Ол өз жұмысында түс экспрессивтілігі мен композициялық еркіндікке ұмтылды. Ең танымал жұмыстар: «1945 жылдың көктемі», «Салют. Қала босатылды», «Екі жауынгер», «Пушкин», «Ұлымның портреті», «Лейтенант Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі», «Жаңа Сарыарқа».
Наградалары: І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендері; «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі; «Еңбектегі жетістігі үшін» медалі; «Тың жерлерді игергені үшін» медалі. Мерейтойлық медальдар: «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20 жылдығы», «1941-1945 жылдардағы соғыстағы 25 жыл», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығы», «1941-1945 жылдардағы соғыстағы 40 жыл», «КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл», «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл».