МОЛДАХМЕТОВА Алима Талғатқызы
Өмірбаяны
МОЛДАХМЕТОВА Алима Талғатқызы (24.10.1988 ж., Тараз қ., Жамбыл облысы) - ансамбль әртісі, педагог, зерттеуші, PhD докторы.
2004-2007 - Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін «Ансамбль әртісі» мамандығы бойынша бітірген. Педагогтары: А.А.Ильясова, Г.Н.Сайфуллина, Г.С.Мырзаханова;
2007-2011 - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша бакалавриатын бітірді.
2014-2016 - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы магистратурасын «Өнертану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесімен аяқтады;
2017-2020 - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының докторантурасын бітірді (ғылыми кеңесшілер: Г.Ю.Саитова, Д.К. Досбатыров).
2007-2011 - «Гүлдер» эстрадалық-жастар ансамблінің әртісі;
2011 ж. - Мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының балет әртісі.
2011-2016 - Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде хореографиялық пәндер оқытушысы;
2011-2012 - Ғ. Мүсірепов ат. Академиялық жастар театрының педагог-репетиторы;
2012-2019 - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша оқытушысы, 2019 жылдан - аға оқытушы.
2021 жылдан бастап, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы педагогикалық қызметі мен қатар А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде педагог. 2021 жылдан Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография» факультетінің «Балетмейстер өнері» кафедрасының меңгерушісі.
Магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Қазақ биі лексикасының семантикасындағы дәстүрлі мәдениеттің көрінісі» (2016 ж.); докторлық диссертациясының тақырыбы: «ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстанның хореографиялық өнеріндегі қазақ биінің режиссерлік интерпретациясы» (2020 ж.). 20-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.