МҰҚАТОВА Айжан Сәбитқызы
Өмірбаяны
(30.05.1986, Қарағанды қ.) – балет әртісі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2021).
1995-2003 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы. Педагогы И.Н.Гуляева.
2006 – Қарағанды «Болашақ» университетінің бакалавриатын «Мәдениеттану» мамандығы бойынша бітірген.
2023 жылы Челябинск университетінің магистратурасын «Педагогикалық білім» мамандығы бойынша бітірді.
2003-2010 – К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында балет әртісі. Балеттерде бірқатар жеке және жетекші партияларды орындады: «Аққу көлі», «Щелкунчик», «Жизель», «Баядерка», «Дон Кихот», «Бақшасарай бұрқағы», «Шопениана».
2007 – Ла Скала театрында тағылымдамадан өтті (Милан, Италия).
2010-2016 – Б.Эйфманның академиялық театрында жұмыс істеді (Санкт-Петербург, РФ). Репертуары: «Анна Каренина», «Қызыл Жизель», «Дон Кихот», «Орыс Гамлеті», «Роден», «Шағала» («Чайка»), «Күнәнің арғы жағында» («По ту сторону греха»), «Реквием», «Чайковский PROetCONTRA» және т. б.
2016 – «Астана Балет» театрының жетекші солисі. Премьералық қойылымдардың орындаушысы: Мехменэ Бану («Махаббат туралы аңыз», хореограф Ю.Григорович), Наталья Сатина – үмітсіздік («Қиялға бойлау»/«Прикосновение иллюзии»), «Longing» (хореограф Р. Амаранте), «Оркестрмен фортепианоға арналған Капричио», «Серенада» (хореограф Дж.Баланчин), «In the Middle, Somewhat Elevated» (хореограф В. Форсайт), «Контрастар» (хореограф Р.Терранова), Саломея («Саломея», хореограф М.Авахри), «Махаббаттың жоғалған пірлері» («Утерянные кумиры любви», хореограф Н.Фонте), Өгей шеше («Золушка», хореограф Н.Калинина), «Instinct» (хореограф Д.Джонатан), «Құлдыраған періштелер» («Падшие Ангелы», хореограф И.Килиан), Кармен («Кармен-сюита», хореограф А.Алонсо). Сондай-ақ, репертуарда хореографиялық миниатюралар бар: «Тұтылу» («Затмение») «Түсіну» («Озарение», хореограф М.Авахри ).
Марапаттары: «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің II сыйлығының лауреаты (Астана, 2006).