МУРЗАҚҰЛОВ Әсет Әбдібайұлы
Өмірбаяны
12.02.1987 ж., Еңбекші кенті, Қарасай ауданы, Алматы облысы.
Балет әртісі, педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2018 ж.). Халықаралық балет әртістері байқауларының лауреаты.
1997-2005 – А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде оқыды, педагогтары: Андосов Қ.Н, Малбеков Э.Д., Косманов С.Ж.
2012-2016 – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бакалавриатын «Хореография педагогы» мамандығы бойынша бітірді.
2005-2007 – Смирнов-Головановтың жетекшілігімен «Moscow City Ballet» балет труппасының солисі (Мәскеу, Ресей).
2007 ж. – Б. Аюхановтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік академиялық би театрының (ҚР МАБТ) солисі.
2007-2008 – Смирнов-Головановтың жетекшілігімен «Moscow City Ballet» балет труппасының солисі (Мәскеу).
2008-2021 – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет солисі. Ол Сайқымазақ («Аққу көлі»), бірінші жетекші партия - Джеймс («Сильфида») партиясында өзінің дебютін жасады. Репертуары: Базиль («Дон-Кихот»), Ханзада, қытай биі («Щелкунчик»), Меркуцио (бірінші орындалуы, «Ромео мен Джульетта»), Нұралы, Бозбала («Бақшасарай бұрқағы»), Франц («Копеллия»), Сайқымазақ («Аққу көлі»), Сайқымазақ, төрт дос («Махаббат туралы аңыз»), Бүркіт («Тілеп және Сарықыз»), атаусыз кейіпкер («Фрескалар», З. Райбаевтың хореографиясы), Пан («Вальпургия түні», М. Тілеубаевтың хореографиясы), Мим, Шопан - соло («Спартак», З. Райбаевтың хореографиясы), Көк құс («Ұйқыдағы ару»), Чарли («Чарли»), Исаак Ланкедем, құл саудагері («Корсар»), Диуана («Юнона» және «Авось»), Алтын Құдай («Баядерка»), Қолбасшы (бірінші орындалуы, «Ұлы дала аңыздары»), pas-de-deux 1 актісі («Жизель»).
Концерттік нөмірлері: «Париж жалыны» балетінен pas-de-deux, «Тарас Бульба» балетінен «Гопак», «Көрмеден алынған суреттер» балетінен «Баба-Яга» хореографиялық миниатюрасы.
2012-2013 жылдары А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің педагогы. Оның шәкірттері М.Назаргожаев және Ж.Толобаев Сеулдегі ХБАБ-да I и II премия жеңімпаздары (Оңтүстік Корея), М.Назаргожаев Ұ.Мирсеидов атындағы сыйлықтың иегері.
2015-2021 – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының педагог-репетиторы.
2016-2019 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің педагогы. Оқушылары: Д.Кұрмангазы («Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры), Д.Кубашев, С.Аюпов, А.Жуас, Ж.Бауржанулы (Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры), А.Каралбаев (Қазақстан Республикасы мемлекеттік академиялық би театры) т.б.
2021 - Қазақ ұлттық хореография академиясында арнайы пәндер оқытушысы.
Марапаттары: Халықаралық балет әртістері байқауларының лауреаты: 2004 ж. – Серж Лифар ат. ХБАБ, Киев - III сыйлық; 2005 ж. - «Новосибирск» МХХУ-нің – II сыйлық; Казкоммерцбанктың «Дебют года» сыйлығы (2008); Мәдениет саласының үздігі (2022 ж.).
Библиография
- Ә. А. Мусинованың Әсет Мурзақұловпен 2022 жылы жеке хат алмасуы.
Сілтемелер
- «Жаңа күн». Ведущие солисты ГАТОБ им. Абая Айман Егисбаева, Асет Мурзакулов. Телеканал «Хабар». Хромонетраж 2.22.59. 5 февраля 2018г. Адрес URL: «Жаңа күн». Ведущие солисты ГАТОБ им. Абая Айман Егисбаева, Асет Мурзакулов (khabar.kz) (Дата обращения: 24 октября 2021 года.
- Молдалим Т. Ж. Асет Мурзакулов: «Жить по строгим правилам балета» // Qazaq Ballet — интернет-журнал о хореографическом искусстве Казахстана / URL: https://qazaqballet.kz/main_articles/aset-murzakul... (Дата обращения: 24 октября 2021 года).
- «Портреты заговорили». Передача, посвященная творчеству Асета Мурзакулова (2016)
- «Top жарған: Асет Мурзакулов, ведущий солист балета ГАТОБ им. Абая». Телеканал Алматы. 12 января 2019 г. Хронометраж 18.47.
- Асет Мурзакулов: про свой путь в балет, о главной роли в карьере и амбициях артистов. – Youtoube. Канал Bokunoff.