МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

29.11.2023  | Автор: Мусинова ​Ә.А.

Өмірбаяны

31.03.1969 ж., Алматы қ.

Балет әртісі, журналист-зерттеуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010 ж.). Филология ғылымдарының кандидаты (2007 ж.).

1979-1987 – Алматы хореографиялық училищесінде оқыды, педагогтары: С.А. Наурызбаева, Г.Б.Горская, С.Малина, С.И.Көшербаева.

1991-1996 – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалавриатын «Журналистика» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.

1996-1997 – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің магистратурасын «Баспа ісі және редакциялау» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады.

2002-2004 – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің аспиранты.

1987-2013 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі, солисі. Репертуары: Мерседес, Сыған биі, Фанданго («Дон-Кихот»), Испан биі («Аққу көлі»), Испан биі («Камелиялы ханым»), Панадерос (бірінші орындалуы, «Египет түндері»), Варвара (бірінші орындалуы, «Доктор Айболит»), Түлкі («Доктор Айболит»), Шығыс биі, Форбан («Корсар»), Испан биі («Щелкунчик»), Краковяктағы соло («Бақшасарай бұрқағы»), Эмилия («Павана мавра»), Кормилица (бірінші орындалуы, «Ромео және Джульетта»), «Абай», «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» опералық спектакльдеріндегі жеке қазақ, испан, сыған билері және «Ер-Тарғын», «Кармен» және т. б.

Концерттік нөмірлері арасында Б.Аюхановтың хореографиясындағы «Балбырауын», «Аққу» (хореогр Б. Аюханов), «Қосалқа», «Асатаяқ» (хореогр З. Райбаев), «Былқылдақ» (хореогр Д. Әбіров), «Былқылдақ» (хореогр А. Тати) т.б.бар.

1991-2004 – театрдағы жұмысымен қатар мерзімді басылымдардың штаттан тыс тілшісі: «Вечерний Алматы», «Атамұра», «Новости недели», «Іскерлік апта»; «Мир» мемлекетаралық телерадиокорпорациясы.

2005-2006 – «Қазақстан» РТРК «Жан» ЖА-сы «Арт-жаңалықтар» бағдарламасының редакторы.

2007 – «БАҚ және Қазақстанның егемендігі жағдайындағы ұлттың рухани әлеуеті» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы .

2008-2009 – Vox Populi қоғамдық-экономикалық журналының «Эклектика» блогының редакторы, БАҚ-та 100-ге жуық жарияланымның авторы.

2010 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде – толық емес жұмыс күні бойынша және 2013 жылдан бастап журналистика факультетінің штаттағы аға оқытушысы қызметін атқарды.

2018 - 2021 – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жаңа технологиялық білім институтының директоры.

2021 жылдан бастап – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары.

«Білім» және «Мәдениет» республикалық мәдени-танымдық телеарнасындағы «Опералықтың аңыздары мен мифтері» телевизиялық жобасының тұжырымдамасының авторы және сценарисі (2011 ж.); 50-ге жуық ғылыми еңбектердің, оның ішінде баяндамалардың, мақалалардың, монографиялардың, кітаптардың авторы. Д.Накиповтың жалпы редакциясымен шығарылған «Қазақстан хореографтары (1934 - 2012 жж.)» атты иллюстрацияланған ақпараттық анықтамалықтың басылым идеясының және Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры туралы мәтіндердің авторы (Алматы, 2012).

2016 жыл – Open KazNU білім беру онлайн платформада «Қазақ журналистикасының тарихы», «Қашықтықтан оқыту», «Онлайн курс құру: теориядан тәжірибеге» атты онлайн-курстардың авторы.

2018 жыл – Open Master Class білім беру жобасының тұжырымдамасының авторы және видеотүсiру тобының жетекшісі.

Марапаттары: «Мәдениет қайраткері» (2010)

Библиография

Медиа галерея

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы

МУСИНОВА Әсел Ахметқызы