НҰРҒИСА
Өмірбаяны
Бір актілі қойылым.
Композитор - Нұрғиса Тілендиев. Музыканы өңдеген - Мукаметқали Тналин. Либретто - Нұрфат Вахитов, Насіпті Байымбетова. Идея авторы, жоба жетекшісі, қоюшы-режиссер, хореография - Еркебұлан Ағымбаев. Қоюшы-балетмейстерлер - Қадиша Ағымбаева, Мейрамгүл Айтмағамбетова, Дана Сүлейменова, Наталья Леонтьева. Бейнеконтент - Қарлығаш Мұртазина. Сценографиясы -Жұмажан Қалтаев. Дыбыс режиссерлары - Нұрлан Мағзұмов, Сергей Лизунков. Жобаның ғылыми кеңесшісі - Қарасай Сайжанов.
Премьералар 2010 жылдың 6 шілдесінде Астана қаласы «Жастар» театрында және 2010 жылдың күзінде Алматы қаласы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында,«Тәттімбет» атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен дирижер Ерлан Бақтыгерей жетешілігімен өтті. Спектакль «Наз» би театрының әртістері үшін қойылды.
Спектакль көрнекті композитор, Нұрғиса Тілендиевке арналған. Композитордың өмірі мен шығармашылығы және оның қалыптасу кезеңі туралы баяндайды. Сонымен, әр түрлі кезеңдерде ол танымал және талантты композиторлармен, дирижерлармен, ақындармен, әншілермен және домбырашылармен танысып, кездесті. Н.Тілендиевтің өміріндегі бақытты жағдайлардың бірі - композитор Ахмет Жұбановпен кездесуі. Ахмет Жұбанов талантты уақытында байқап, оны музыкалық училищеге оқуға алып келді.