НАҚЫСПЕКОВ Серік Жақанұлы
Өмірбаяны
(12.08.1992, Сарқан қаласы, Алматы облысы) - балет әртісі. Халықаралық конкурстардың лауреаты, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты (2018).
2003-2011- А. В. Селезнев атындағы АХУ-дың оқушысы, А.Г. Бүркітбаевтың сыныбы бойынша бітірді.
2011-2012 - А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясында (АРБ). педагог Г. Н. Селюцкийдің сыныбында тағылымдамадан өтті.
2015-2018 - Челябинск университетінің (ЮУрГГПУ) бакалавриатын аяқтады (Челябинск қ.).
2012-2013 - Абай атындағы МАОБТ балет әртісі.
2013 - Екатеринбург мемлекеттік опера және балет театрының балет әртісі.
2013 жылдан (қыркүйек) - «Астана Опера» театрының солисі.
Репертуары: Нұралы («Бахчисарай бұрқағы»); Клод Фролло, Квазимодо («Париж Құдай Анасының соборы»); Алтын құдай («Баядерка»); әзілкеш, pa-de-trois («Аққу көлі»); Көгілдір құс («Ұйқыдағы ару»); Гладиатор, үш қойшы, Спартак («Спартак»); Алтын құл («Шехеразада»); Ланкедем («Корсар»); pa-de-deux («Жизель»); Меркуцио («Ромео мен Джульетта»); Леско («Манон»); Бетховен («Бетховен - Мәңгілік - Махаббат», «Бетховен - Бессмертие - Любовь»); Базиль («Дон Кихот»); Бақсы («Дала үні» және басқа да көптеген классикалық және заманауи балеттер.
Начо Дуатоның хореографиясында «Мадригал» балетін, «Бекер сақтық» («Тщетная предосторожность») балетінен Саботьероны және «Щелкунчиктегі» Ханзада партиясын Л. Якобсон атындағы Санкт-Петербург балет театрының қойылымдарында қонақ солист ретінде орындады (2011).
Халықаралық балет конкурстарының жеңімпазы: хореографиялық училищелер оқушылары арасында «Өрлеу» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (Алматы, 2006); «Өрлеу» 1 сыйлығының лауреаты (Алматы, 2010); «Шабыт» II сыйлығының лауреаты (Астана, 2014); «Сібір Гран-приі» ХББ II сыйлығының лауреаты (Красноярск, 2016); ХБАБ 1 сыйлығының лауреаты (Астана, 2016); VKIBC (Нью-Йорк, 2017); Екатерина Максимова атындағы «Арабеск» балет әртістерінің байқауында «Техника тазалығы мен орындаушылық шеберлігі үшін» Георгий Зорич арнайы сыйлығының иегері. (Пермь, 2018).