НОЖКИН Николай Николаевич
Өмірбаяны
(26.03.1969 ж., Есік қ., Алматы обл.) - биші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1987ж. - «Халық би ансамблінің әртісі» біліктілігі бойынша Алматы мемлекеттік хореографиялық училищесін бітірді, педагогтары: М.И.Мунтин, А.Т.Алишева, Г.Н.Бейсенова;
1997ж. - Санкт-Петербург Гуманитарлық Кәсіподақтар университетін «Көркем шығармашылықты ұйымдастырушы» мамандығы бойынша аяқтаған .
1989 жылдан бастап «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде балет әртісі.
1996 жылдан ансамбль солисі болып жұмыс істейді. Ансамбль репертуарының барлық би нөмірлерінде (30-ға жуық би) ерлер партияларын орындады. Олардың ішінде: «Дала әуені», «Сылқыма», «Балбырауын», «Шопандар», «Ақсүйек», «Мереке», «Достар», «Вензеля», «Сыған биі», «Молдаван биі», Украин биі «Тропотянка», «Татар биі», «Ұйғыр биі», «Түрік биі», «Үнді биі», «Грузин биі», «Иран биі», «Өзбек биі», «Қытай биі», «Вальс» т.б. Ансамбль құрамында халықаралық фестивальдерге, гастрольдік сапарларға, әлемнің түрлі елдеріндегі (Ресей, Украина, Өзбекстан, Түркия, ҚХР, Германия және т.б.) Қазақстан өнерінің Онкүндіктеріне қатысты.
2007 жылдан Канадада тұрады. «Mosaique de Montreal» (Канада) балалар музыкалық театрының негізін қалаушылардың бірі. Сонымен қатар, хореограф және би режиссері болып жұмыс істейді.
Марапаттары: Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай ЮНЕСКО қамқорлығымен өткен концерттік іс-шараларға қатысқаны үшін Құрмет грамотасы (1995 ж.); ҚХР қалалары әкімдерінің грамоталары (1994-2003).