НҰРСҰЛТАНОВА Сайрагүл Ербосынқызы
Өмірбаяны
24.05.1952 ж., Киров кенті, Алматы облысы.
Балет әртісі, педагог-репетитор. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1982 ж.), Қазақ КСР Халық әртісі (1990 ж.); «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1976 ж.).
1960-1968 - Алматы мемлекеттік хореография училищесін «Балет әртісі» мамандығы бойынша бітірген, педагогтары: А.В.Селезнев, Х.О.Базарбаев, Р.М.Сейткалиева, Б.Г.Аюханов;
1992-1997 - Қазақ қыздар педагогикалық институтын «Хореография» мамандығы бойынша бітіріп, «Хореографиялық пәндер оқытушысы» біліктілігін алды;
1968-1993 - «Алматының жас балеті» классикалық би ансамблінің солисі. Көпшілік билерден бастап, жеке партияларға дейін ансамбльдің бүкіл репертуарын биледі. Олардың ішінде Б.Аюхановтың қойылымында: Жібек («Қыз Жібек», Е.Брусиловский), Гертруда («Гамлет», А.Исакова), Айсұлу және қалыңдық («Қазақ кәдесыйлары», Вс.Болгаровский), Қарашаш-батыр («Батырлар», А. Исакова); Өлім («Кармен-сюита», Ж. Бизе-Р. Щедрина), Мария (Л.Бернстайннің «Мәңгілік тарих» симфониялық сюитасы негізінде «Шеңбер»), Харуко («Фудзияма үстіндегі тырналар», («Журавли над Фудзиямой», Ғ.Жұбанова). Актрисаның драмалық қабілеттері партияларда айқын көрініс тапты: Саломе («Саломе», М.Ливщица), Сонечка («Қылмыс пен жаза», «Преступление и наказание», Д.Шостакович), Татьяна Ларина («Евгений Онегин», П.И.Чайковский - М.Плетнев), Соло («Керуен», Т.Қажығалиев), Ана («Мәңгүрт туралы ертегі», Н.Закиров).
Концерттік нөмірлері: Соло ( «Блюз стиліндегі Рапсодия» Д.Гершвин, Б. Аюхановтың хор.), Бакханка («Вальпургия түні», «Вальпургиева ночь», Ш.Гуно, Б. Аюхановтың хор.), Дуэт («Раушан туралы поэма», «Поэма о розах» Г. Малер, Б. Аюхановтың хор.); Дуэт («Мефисто-вальс», Ф.Лист, Б. Аюхановтың хор.), Полина («Ойыншы» С. Прокофьев, Б. Мягковтың қойылымында), Бойжеткен («Пахита», Л. Минкус,, Н.Долгушиннің хор.); Тальони - Па-де-катр (Ц. Пуни,.Н.Дудинскаяның қойылымы), па-де-де (Дон Кихот», Л. Минкус, пост. Н. Дудинскаяның хор.), классикалық Па-де-де (Л. Обер, Н. Долгушиннің қойылымы), «Раушанның көрінісі» («Видение розы», К. Вебер, Н. Долгушиннің хор.), Па-де-де («Чинзанодағы гүлдер фестивалі», «Фестиваль цветов в Чинзано», Э. Хельстед, Н. Долгушиннің хор.), Па-де-де (А.Адан, «Жизель» 2 актіден), Па-де-де (П. Чайковский, «Аққу көлі», 2, 3 актісінен), Эдит Пиафқа Арнау «концерттік нөмірі- «Менің Құдайым» (муз. Ш.Дюмона, Б.Аюхановтың хор.), Фригия - (А.Хачатурян «Спартак» балетінен Адажио, хор. Б.Аюханов).
1993 жылдан Абай атындағы Мемлекттік акдемиялық опера және балет театрының педагог-репетиторы. Оның жетекшілігімен театрда: Г.Туткибаева, Л.Әлпиева, С.Михлина, Д.Шомаева, А.Егізбаева жұмыс істеді. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жұмыс істеу кезеңінде жетекші бишілермен қазақстандық және шетелдік хореографтардың түрлі шығармаларының партияларымен жұмыс істеді.
Библиография
- Аюханов Б. «Мой балет» – Алма-Ата: Өнер, 1988.
- Хореографы Казахстана (иллюстрированный информационный справочник (1934-2012 гг.) под общ. ред. Д.Т.Накипова. – Алматы, 2012.
- Саркытбаева К. «Творческая деятельность Сайрагуль Нурсултановой» магистерская диссертация, – Алматы: КазНАИ им.Т.Жургенова, 2021.