ОРФЕЙ ЖӘНЕ ЭВРИДИКА
Өмірбаяны
Бір актілі балет.
Композиторлар - Сергей Прокофьев, Эдвард Уильям Эльгар, Георг Фридрих Гендель, Дэвидсон Яконелло. Либретто, хореография және қойылымы, жарықтандыру - Кристина Полин. Сценография - Отто Бубеничек. Костюм суретшісі - Деннис Пешке.
Премьерасы 2022 жылдың 5 шілдесінде өтті. Балет «Астана Балет» театрының труппасына арналған.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Орфей, жазушы және баспагер - Уэсли Карвальо; Эвридика, оның әйелі және музасы - Татьяна Тен; Аристей, жолы болмаған жазушы - Эльдар Сәрсембаев; Аид, жер асты әлемінің құдайы - Байхадам Тұңғатаров; Персефона, Аидтің әйелі - Наталья Фернандес-Менес; Цербер, үш басты ит - Аққали Тұрғали; Харон - Артур Эдсон; Монах - Серік Аманжол; Эрос, махаббат құдайы - Илья Манаенков; Психея - Назерке Аймұхаметова.
«Орфей және Эвридика» - бұл модерн элементтері бар неоклассикалық стильдегі ежелгі Греция мифінің хореографиялық интерпретациясы. Балетте хореограф өмірдің мәні мен жанның өлмейтіндігі туралы философиялық және рухани сұрақтарға жауап береді. Сезімнің шынайылығын, махаббат пен өнер құдіретінің үстемдігін дәріптейді. Орфей - әйгілі жазушы, Евридика - оның сүйіктісі, музасы және шабыт көзі. «Кейде сен тірілер әлемінде өмір сүргенде, өзіңді өлі сезінесің, өйткені сенің тірі екеніңді сезіндіретін адам жоқ» (Кристина Полин).