ОРУМБАЕВА (КУСТУТУНОВА) Гүлсәуле Әбдіхадырқызы
Өмірбаяны
(18.02.1952 ж., Бірлік ауылы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысы) - балет әртісі, балетмейстер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996 ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2008 ж.), «Парасат» орденінің иегері (2015 ж.).
1970ж. - Алматы хореографиялық училищесінде оқыған, педагогтары: Ш.Б.Жиенқұлова, М.З.Ахмедиева, А.Г.Ғабитова, Ж.Т.Тастанова;
1979ж. - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Тарих және қоғамтану» мамандығы бойынша бітірген.
ҚазКСР Халық әртісі Ш.Б.Жиенқұлованың Қазақ биін орындау әдістемесінде тәрбиеленген үздік оқушыларының бірі. Еңбек жолын «Гүлдер» ансамблінде солист ретінде бастады.
1979-1986 - эстрада-цирк училищесінде қазақ және шығыс билерінің педагогы (бүгінгі Ж. Елебекова атындағы эстрада-цирк колледжі);
1986-1994 - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында хореографиялық пәндер оқытушысы. ЖОО-дағы оқу-әдістемелік жұмыстың нәтижесі ретінде оқу орындары үшін «Қазақ биі» (1995 жылы А.Калеловамен бірлесіп) оқу-әдістемелік құралын жазған.
1986-1994 - «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігінің қоюшы-балетмейстері.
1994-2022 жылдары «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері болды. Ол ансамбльдің шығармашылық тұжырымдамасын түбегейлі өзгертті. Мақсаты қазақ биін сахналық формалар негізінде танымал ету болды. «Қайран 25», «Асық», «Жайлауда» би сюиталары және басқа қойылымдары көрермендердің көңілінен шыққан шығармалар, үлкен концерттерде және республикалық мәдени-бұқаралық іс-шараларда орындалады. Сондай-ақ Қазақстанның көптеген би ұжымдарының репертуарына енгізілген. В.Питерцевтің «Томирис» (2005 ж.) және Ұлы Отан соғыс жылдарындағы әндер негізінде «Отан үшін» (В.Питерцевтің өңдеуінде) (2015 ж.) спектакльдерінің қоюшысы.
Марапаттары: «Астана» медалі (1998 ж.); «Ерен еңбегі үшін» медалі (2001 ж.); Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасы (2001 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.); «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2016 ж.); «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.).