ПОЛИН Кристина
Өмірбаяны
(18.06.1991, Братислава қ., Словакия) – балет әртісі, хореограф.
2002-2010жж. – Братислава Словакия балет консерваториясының студенті.
2007-2010жж. – Джон Ноймайердің Гамбург балет мектебінде оқыды.
2017-2022жж. – Братислава сахна өнері университетінің студенті.
2010-2021жж. – Джон Ноймайер Гамбург балетінің балет әртісі.
Балетмейстер ретінде ол келесі қойылымдарды жүзеге асырды: «Оратио» (2016), «Қайырлы түн, күн» («Спокойной ночи, день», 2016), «Эвридика» (2017), «Қасиетті күнәкар» («Святой грешник», 2018), «Орбита» (2021) Гамбург балеті үшін; «Кампнагель К6» театры үшін «Савская патшайымы» («Царица Савская», 2017) және «Овидий» (2018); «Міне күн» («А вот и солнце», 2017) «Junge Schauspielhaus» театры үшін; «Құдайдың көзі» («Око Божье»,), Зальцбург театрының солистері Мария Эйхвальд пен Александр Рябко үшін халықаралық Балет Гала-концерті аясында «3- қабат» («3 этаж», 2019); Генуя Ұлттық театры үшін «Реинкарнация» («Перевоплощение», 2019); «Trintla Cultura» фестивалі үшін «Жеңіл зе- фирлер» («Легкие Зефиры»), «Сарбаз үшін» («Для солдата», 2019); Словакия Ұлттық театры үшін «Марина» (2020); Линебург Жоғары мектебі үшін «Бахпен кездесулер» (2020); Эрнст Дойч театры үшін «No 6 Палата» (2021) және т. б.
«Астана Балет» театрында «Орфей және Эвридика» бір актілі балетінің хореографы (2022).