МАВРДЫҢ ПАВАНАСЫ
Өмірбаяны
Бір актілі балет.
Композиторы - Генри Пёрселл, «Гордиев түйіні шешілді», «Абделязар» спектакльдерінің музыкасы негізінде, «Ішекті аспаптарға арналған павана мен чакона» пьесасындағы паваналар (аранжировкасы - Саймон Садов). Либретто - Хосе Лимон, Уильям Шекспирдің «Отелло» трагедиясының желісі бойынша. Хореография - Хосе Лимон. Қоюшы-балетмейстер - Марина Алексидзе (Тбилиси, Грузия). Костюмдер Паулина Лоуренс стилінде жасалған.
Премьера 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Мавр - Асқар Нүсіпов; Дездемона - Раушан Байсеитова; Яго - Самат Асқарбеков; Эмилия - Алма Асқарбекова.
Спектакльде «неоклассицизм» стиліндегі ерекше өткір позалар мен еліктірер жұмсақ қозғалыстарда өнердің мәңгілік тақырыптары көрініс тапқан. Хореография айқын құрылымымен және формасымен ерекшеленеді. Басты кейіпкерлердің квартеті махаббат пен достықтың, қызғаныш пен сатқындықтың, өлім мен әшкерелеу билерін орындайды.
Бұл балет үмітсіздік пен трагедия әсерін қалдырмайды. Бірақ катарсисті тудыратын жеңіл мұңды - «жанашырлық арқылы тазаруды» меңзейді.